Мейірбике ісінде оқыту және оның мақсаты мен міндеттері


Медбикелік диагноз (диагностика)



бет3/4
Дата29.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#175724
1   2   3   4
Байланысты:
сабак-6

Медбикелік диагноз (диагностика)
Медбикелік диагноз – емделушінің физиологиялық және психологиялық өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық немесе синдромдық диагнозы.

Дәрігерлік диагноз

Медбикелік диагноз
  • Ағзадағы нақты аурудың патологиялық процестің негізін айқындайды
  • Түрлі мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуы мен олардың себебін яғни пато-физиологиялық, патолого-анатомиялық өзгерістерін анықтау
  • өзгермейді
  • Ағзадағы терең патологиялық процеске емделушінің сыртқы жауапты реакциясын сурет-тейді
  • Адамның негізгі қажеттіліктері қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет көрсетудің бұзылуының нәтижесі ретінде, яғни ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінік
  • бірнеше рет өзгереді

3-кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлау
Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.
Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:
  • жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
  • қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

  • Мақсат қоюдың талаптары
  • мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
  • әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

  •  Жоспар түрлері:
  • Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
  • Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.

  • Әр мақсат 3 компоненттен тұрады
  • іс-қимыл;
  • белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;
  • шарты – кімнің (ненің) көмегімен.

4 кезең
Жоспарлауды жүзеге асыру
Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:
  • тәуелді
  • тәуелсіз
  • өзара тәуелді

  • Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.
    Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
    Мысалы:
  • емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
  • емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
  • емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
  • емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.

  • Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет