«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет48/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1

тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;

  • тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:

  • қалыптағы тамыр соғу 1 минутта–60-80 соққы

    тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия.
    тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса–жәй–брадикардия.

    • артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу–толық, бос, жіп тәрізді болады;

    • тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды:

    • тамыр соғу – қанағаттанарлық кернеу күші

    • тамыр соғуы күшті (қатты)

    • тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).


    ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ


    Мақсаты:қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.
    Қолдану көрсетілімдері:науқастың жағдайын бағалау.
    Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.
    Дайындаңыз: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.


    Іс-әрекет алгоритмі:



    1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

    2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

    3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

    4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

    5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

    6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

    7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

    8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систолалық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

    9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.

    10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систолалық қысым, бөлімі –диастолалық қысым).

    11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

    12. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

    13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   155




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет