«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет19/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1

Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.
Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.
Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.

  2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

  3. Қолыңызды антисептикпентазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.

  5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

  6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

  7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

  8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

  9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

  11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

  12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.
Науқастың бойын өлшеу
Мақсаты:науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Дайындаңыз:бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қолыңызды антисептикпентазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет