Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алыңыз, лотокқа салыңыз.
Протарголы бар флакончикті ашыңыз.
0,1 г протарголы бар ыдысты (флакончикті) алып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз немесе антисептикалық затты езуге залалсыздандырылған ыдысты қолданыңыз.
Ыдысты (флаконды) тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.
Ескерту: аспадағы марганец қышқылы калийді қолданғанда 50 мг марганец қышқылы калий және 10 мл дистилденген суды алу қажет.
Ш. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау