Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.
Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, пробирканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.
Ораудан ұзынша-сопақтестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.
Қолғапты киіңіз.
Зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.
Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу
(әйелдер үшін)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатынконтейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Мейіргердің іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.
Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.
Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |