1.Әр сабақта білім беру, тәрбие және дамыту міндеттерінің бірлігі сақталуы керек дегеніміз не?
Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).
Мысалға, сабақ барысында өтіліп жатқан тақырып жан жақты қарастырылуы тиіс. Бір басы тәрбиемен, екінші басы қарапайым дүниелермен ұштасып отырылуы тиіс.
2.Әр сабақ дидактиканың барлық принциптеріне, ең алдымен ғылымға сәйкес келуі керек;
Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.
3 Сабақтың дидактикалық мақсаты сабақ тақырыбынан айырмашылығы неде?
Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.
4. Нақты мысалдардың көмегімен бастауыш сынып балаларының танымдық белсенділігін арттыру үшін оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану қажеттілігі;
Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет. Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Себебі балалардың барлығы барлық уақытта қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.
5. Әр сабақта оқушылардың білімін есепке алу не үшін қажет?
Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
6. Дүниетану сабағында жүйелі қайталау элементтерінің болуын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.
7.Дүниетану пәні бойынша әр сабақты алдыңғы және кейінгі сабақтармен байланыстыру қажеттілігін негіздеу.
Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш сынып педагогтары үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |