Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.
Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.
Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.
ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;
егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;
науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.
Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.
Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.
Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.
Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.