Жеке ингаляторды қолдану
Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Дайындаңыз: аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.
Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.
Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Ескерту:
аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.
Сеппе (ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.
Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.
Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |