«Мейіргер ісінің негіздері»



Pdf көрінісі
бет90/92
Дата11.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#110845
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
мет МІН 3к каз 6сем

8.Ұйымдастыру кезеңі

: 35  мин (6%)  

• 

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.  



• 

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 

• 

Сабақтың мақсаты мен міндеті. 



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

: 35 мин (15%) 



10. Жаңа сабақты түсіндіру

. 60 мин (30%) 

Жедел зәр тоқтауы .Жедел зәр тоқталу дегеніміз- операциядан кейін қуық бұлшықетінің 

жүйке регуляциясы бұзылуынан және де уретра обтурациясының нәтижесі. Ануриядан 

айырмашылығы анурия кезінде қуық бос және кіші дәретке отырғысы келмейді , ал жедел 

зәр тоқталу кезінде қуық толып тұрады және кіші дәретке жиі отырғысы келеді.  Дені сау 

адам бір тәулікте 4-7 рет зәр шығарады, көбінесе күндіз, ал түнде 1 реттен көп емес 

Аденома, қуық асты без рагі, босанудан кейін және операциядан кейін жедел зәр тоқталу 

пайда  болады . Зәр шығару рефлексін краннан аққан судың шуымен немесе жыныс 

мүшелерін жылы сумен жуып шығаруға болады. Қасаға үстіне жылы грелка қойса жақсы 

әсер береді. Істеген іс-шаралар жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша бұлшықет 

тонусын жоғарылататын дәрілік заттарды береді (прозериннің 0,5% 1 мл ерітіндісін 

немесе пилокарпиннің 1% 1 мл ерітіндісін тері астына). Бұл іс-әрекеттер жүзеге аспаса 

дәрігер тағайындауы бойынша қуыққа катетер қояды.  Жедел  зәр  тоқталу  кезінде  көмек  

көрсету .Науқастың жағдайына қарай оны ыстық ваннаға отырғызады, спазмолитиктерді 

енгізеді ( но-шпа 2-4 мл ерітіндісін немесе баралгиннің 5% 2-3 мл ерітіндісін бұлшықетке 

енгізу. Осы шаралар әсер етпесе науқасты урология бөліміне жатқызу қажет. Зәр шығару 

каналының жарақатынан болған зәр тоқталу кезінде қуыққа катетер қоюға мүлде 

болмайды. Катетерлеу –катетерді  қуыққа  несеп  шығару, жуу, дәрі-дәрмектік заттар 

енгізу немесе зерттеу үшін несеп алу мақсатында енгізу. Қуыққа микроптар түсіріп алмау 

үшін катетерлеу ерекше мұқияттылық шараларды талап етеді, себебі оның шырышты 

қабығының қарсы тұруы өте нашар. Соның салдарынан катетерлеу тек өте қажетті 

жағдайда ғана жасалады. Катетерлеу  жұмсақ және қатты катетерлердің көмегімен 

жүргізіледі.   Жұмсақ катетер –ұзындығы 25-30 см, диаметірі 10мм  дейінгі(1-30) иілмелі 

резеңке түтік. Катетердің жоғарғы ұшы дөңгеленіп келген ,бітеу. Одан шамалы  жерде 

бүйірлік сопақша  тесіктері бар. Катетердің жоғарғы ұшы қиғаш кесілген немесе воронка 

тәрізденіп  кеңейтілген дәрі-дәрмек ерітінділерін ендіру және қуықты жуу үшін шприцке 



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

93 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

ұштық қою оңай болу  үшін осылай жасалған.Қолдану алдында катетерлерді 10-15 минут 

бойы  қайнату керек. Қайнатудың әсерінен катетерлер біртіндеп иілмелілігін 

жойып,жарамсыз болып қалатынын есте сақтау қажет. Қолданылып болған соң оны 

сабындап жылы суға жуады да жұмсақ шүберекпен сүртеді. Резеңке катетерлерді 2% бор 

немесе карбол қышқылының ерітіндісі толтырылған эмаль не шыны қақпағы  бар 

қораптарда сақтайды, әйтпесе олар кеуіп,  иілгіштігін жояды да сынғыш болады.Қатты 

(метал) катетерлер тұтқадан, өзектен  және тұмсықтан (екі сопақша тесігі бар уретральді  

ұшты) тұрады. Катетер  жұмыр, төменгі жағы бітеу.Ерлер катетерінің ұзындығы 30 см, 

әйелдер катетері -12 -15 см.Әйелге катетер енгізу.Мақсаты: несеп қуығынан зәрді 

уақытылы шығару.Көрсеткіші: жедел зәр тоқталу, несеп қуығын  жуу және  оған дәрілік 

заттарды енгізу, несеп және зәр шығару мүшелеріне операциядан кейінгі кезеңде. Қажетті 

заттар: •стерильді: катетер, анатомиялық (2 дана) пинцеттер, корнцанг, лоток, латексті 

қолғаптар;•1:5000 фурациллин ерітіндісі , вазелин майы;•зәрді жинауға ыдыс,  

дезинфицирлейтін ерітінділер, клеенка, антисептикалық ерітінділер;       

Процедура алдында  медбике қолын сабындап жылы  сумен жақсылап жуып, тырнақтарын 

спиртпен  немесе йод тұндырмасымен сүртеді. Сырқат алдын  ала дәрет алады, ал 

қынабынан бөлінулер бөлінсе бүркіп жуады. Медбике немесе  дәрігер оның оң жағында 

болады. Сол қолымен жыныстық еріндерін ашып, оң қолымен жоғарыдан төмен( тік 

ішекке қарай бағыттап) сыртқы жыныс мүшелерін , несеп шығаратын тесікті қандай да бір 

дезинфекциялайтын ерітіндімен (1:1000  сулема ерітіндісімен, фурациллинмен, 

оксицианды сынап ерітіндісімен ) мұқият сүртеді. Содан кейін зарарсызданған вазелинмен 

майланған   әйел катетерін алып, несеп шығаратын каналдың сыртқы тесігін тауып, ептеп 

катетер енгізеді. Катетердің жоғарғы тесігінен несеп шықса , катетер дұрыс  түскен болып  

саналады. Несеп өзінен өзі бөлінбесе  жайлап қуықтың тұсынан  басып, қалған несепті 

шығарады, ал содан кейін шамалы қалған несеп катетерді шығарған соң, несеп  жүретін 

каналды  жуып өтетіндей етіп, жайлап катетерді суырып шығарады. Әйелдің несеп 

бөлетін каналы онша ұзын емес(4-6см), сондықтан катетер енгізу  онша қиын емес. Егер 

несепті тексеруге алу қажет болса, зарарсызданған  прбирканың аузын несеп жолының 

үстіне ұстап, ол толған соң  зарарсызданған  мақта тампонмен жабады. Егер катетер енгізу  

зарарсызданбаған катетермен немесе кір қолмен жасалса  қуыққа инфекция   түседі де, 

қабыну пайда болады, бұл сырқат күйін  қиындатады, сондықтан медбике асептика және 

антисептика ережелерін қатаң сақтауы тиіс.Еркекке катетер енгізу.Мақсаты:несеп 

қуығынан зәрді уақытылы шығару.Көрсеткіші: жедел зәр тоқталу; несеп қуығын жуу және 

оған дәрілік заттарды енгізу;  бүйрек және несеп мүшелеріне  операциядан кейінгі 

кезеңде.Қажетті заттар:  

•стерильді: катетер, анатомиялық(2 дана) пинцентер , корнцанг, лоток,  латексті 

қолғаптар, 1:5000•фурациллин ерітіндісі, вазелин майы.•зәрді жинауға ыдыстар ;клеенка, 

антисептикалық  ерітінділер. Еркекке катетер енгізу   өте қиын, себебі олардың несеп  

шығару каналының ұзындығы 22 -25 см әрі екі физиологиялық тарылу  жолдары  

кездеседі. Олар катетердің өтуіне кедергі келтіреді. Сырқат катетер енгізу кезінде тізесін 

бүгіп, шалқасынан жатады, табанының  арасына  «утка», астауша немесе кружка қояды,  

оған катетер бойымен несеп ағады.  Медбике немесе дәрігер  сол қолымен сырқаттың 

жыныс мүшесін  ұстап, бор қышқылы ерітіндісіне  малынған  мақтамен  оның  басын  




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

94 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

мұқият сүртеді. Алдын ала зарарсызданған  вазелин майы жағылған  катетерді пинцетпен  

немесе зарарсызданған дәке   салфеткамен  оң  қолына ұстап  онша көп күш  жұмсамай 

біртіндеп несеп  шығаратын  каналға ендіреді. Катетерлеуді  резеңке катетермен  

бастайды, ол жұмсақ әрі иілгіш болғандықтан кез келген  формаға  түседі, бұл  оның  

жолда бар   кедергіден  өтуіне мүмкіндік  береді.  Катетер қуыққа  енген бойда несеп  

шығады. Еркектерге  металл  катетерді  тек дәрігер ғана  енгізеді. 

Қуықты    жуу. Бұл   жұмыс  қуықтан  іріңді, тканнің  іріген заттарын, ұсақ  тастарды  

механикалық   жолмен  шығару   үшін, сондай-ақ  цитоскоп  енгізу  алдында   жасалады.  

Әдетте қуықты  резезке  катетермен   жуады.  Алдын  ала  қуықтағы  несептің   мөлшерін, 

бір  рет  несеп  шығару   арқылы  біліп   алады.Сырқат тізесін  бүгіп, бөксесін  ашып,   

жамбасы  көтеріңкі   жатады.  Бұл   процедураны   урологиялық   креслода жасайды.  

Қуықты  эсмарх  кружкасымен  жуады, оның   резеңке  түтігіне   катетер  кигізілген.  Бор  

қышқылының ( 2% ерітіндісін), калий  перманганатын (1:10000), оксицианды  сынап  

(1:10000) ерітінділерін пайдаланады. Аспаптар  зарарсызданған  болуы  тиіс. Катетер 

енгізіп,  несеп  шығарады  да,  катетерді Эсмарх  кружкасының  резеңке  түтігіне  

жалғайды. Қуықты  түссіз сұйық  шыққанша  жуады, егер  осыдан  кейін цитоскоп  енгізу  

керек  болса, ерітіндіні  қуықтың жартысына  дейін  жіберіп,  катетерді   шығарып  алады. 

Жуғаннан  кейін  сырқат  төсекте 30-60 минут тай  жатуы  тиіс. Егер  дәрі-дәрмек  

заттармен жуса,  онда  күнделікті   немесе күнара  жуылады.  Әдетте жалпы 12-14 рет 

жуады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет