«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері



бет10/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

6.Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері
7.Психологияның зерттеу әдістері. Зерттеу әдістерінің түрлерін сипаттау.

Талай ғасыр бойы адам көптеген ғылымдардың зертеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал, осы таным жолында психология ғылымының алар орны ереше.


Этимологиялық деңгейде психология жан мен рухты (көне грекше: ψυχή — жан, рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (психофизиология), сезімдік (мотивация, байым, моторика), интеллективттік (когнитивттік психология) функцияларымен шектеледі.
Психология – адамның объективті шындықты сезіну, қабылдау, ойлау , түйсіну және басқа да психикалық құбылыстар формасында белсенді бейнелеу процесін меңгеретін ғылым. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарам-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология ғылымының даму негізіндегі жатқан қызығушылық уақыт озуымен бірге өрестей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмейінше тиімді орындалуы мүмкін емес.
Белгілі кеңес психологы С.Л. Рубинштейн «Основы общей психологии» (1940) атты еңбегінде: «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз, ықылас- ниеттеріміз т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын қарап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денемізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны»,- деген. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет.
Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2 - кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды.
1.Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды.
2. Психика сыртқы дүниенің әсерсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін-өзі байқау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке өзін -өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді.
3.Психикалық әрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде қаралған. Ол – сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған.
4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді.
Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданды.
Психология пәнін қарастыруда біз төмендегі сызба бойынша талдаймыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет