XIV - практикалық сабақ
Мінез табиғаты.
Мiнез жөнiндегi түсiнiк.
Мiнез бiтiстерi.
Мiнез түрлерi мен типтерi
Мiнез - жеке адамныңөзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi.
Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк бағытбағдарын құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне, қызығуларына, нанымсенiмдерiне, мұраттарына ж.т.б. негiз болады. Бағытбағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол жоспарды iске асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн белгiлей алады. Мiнезге орай адамның дүние талғамы, өмiр мəнi, белгiленген мақсатмүдделерiнiң, əрекет қылықтарының себептерi ашылады.
Мiнездi дұрыс түсiнуде адам үшiн маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешушi мəнге ие. Əр қоғамның өзiне сай маңызды да мəндi мiндеттерi болады. Мiне осы мiндеттердi iске асыру барысында мiнез қалыптасады. Кейiн солар тұрғысынан тексерiледi, бағаланады. Сондықтан да мiнез қандай да адам қасиетiнiң (төзiмдiлiк, өжеттiк т.б.) көрiнiсi ғана болып қоймастан, қоғамдық мəнi бар iсəрекетке болған бағытбағдар сипатын аңдатады. Осыдан мiнездiң тыңғылықтылығы, бiргелкiлiгi адамның өмiрлiк бағытбағдары негiзiнде нақты бiр қалыпқа келедi. Мiнез қалыптасудағы басты шарт өмiрлiк мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы босбелбеулiк, мiнезсiздiктiң белгiсi. Солайда болса, жеке адам мiнезi мен оның бағытбағдары екiталай нəрсе. Алдыңызға ақ көңiл кейiппен келген адамның бiрi iзгi ниеттi де, ал екiншiсi жауыз болуы мүмкiн. Жеке адам бағытбағдары оның барша əрекетқылығына iз бередi. Əрдайым қылық «осылай болсын» деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының бiртұтас жүйесiне негiзделедi, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мiнезiне белгiлi сипат ендiредi.
Қалыпқа түскен мiнезде адамның нанымсенiмдер жүйесi жетекшiлiк етедi. Тиянақты көзқарас наным адамның өз iс - əрекетiн ұзақ мерзiмдi бағытбағдарға сай белгiлеп, мақсатқа жетуде жiгерiлiлiктiң, орындап жатқан iсiнiң дұрыс та маңызды екенiне сенiмдiлiк туғызады.
Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен тығыз байланысты, бiрақ оның бұл қызығулары мəндi əрi тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстiрт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестiгiнiң кемдiгi мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез теңдiгiн аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл тұлғаларды айыруға болады.
Мiнез адамның қолы бос уақытындағы өзi қалап шұғылданған iстерiнен де танылуы мүмкiн. Мұндай қызуғалар тұлға мiнезiнiң жаңа, ерекше қырларынан хабардар етедi. Мысалы, ұлы ғалым химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерiнiң небiр əйгiлi көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткiзген; атақты тiл ғалымы Əбдуəли Хайдари демалыс уақытында қазақы ертұрман, қамшы жəне т.б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған; ғұламатүркiтанүшы академик Рахманкүл Бердiбай колы босаса, күйшiлiк өнермен айналысады. Адамның рухани немесе заттай қажеттiлiктерiнiң қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезiмдерiнiң ғана емес, сондайақ iсəрекетiнiң де бағытбағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нəрсе iсəрекеттiң алға қойылған мақсатқа тiкелей сай болғаны, себебi адам не iстеп жатқаны немесе не iстейтiнiне қарай бағаланбайды, əңгiме сол iстi қалай орындайтынында. Осыдан мiнез калпы адамның бағытбағдары мен iсəрекет кейпiнiң бiрлiгiнен келiп шығады.
Мақсатқа жетуде бағытбағдар бiрдейлiгi болғанымен, əр адам өз жолын таңдайды, өзiне қолайлы, қайталанбас əдiстəсiлдердi пайдаланады. Осы дербестiктен адам мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi ықпалға ие мiнез бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн таңдауда айқын жүз бередi. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттiгiн туындатқан ықылас, ниет көрiнiсiнiң деңгейiн (табандылық, шешiмдiлiк, жүректiлiк немесе ерiксiздiк, қорқақтық, күдiкшiлдiк ж.т.б.) мiнез бiтiсiдеп тануға болады. Осыған байланысты кей адамдар күмəнсiз табыс қамтамасыз ететiн əрекеттердi (ынта бiлдiру, жарысқа түсу, тəуекелге бел байлау ж.т.б.) таңдап алады, ал екiншiлерi сəтсiздiктен қашуды көздейдi (жауапкершiлiк алмайды, жүрексiнедi, ықыласы мардымсыз т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |