2.Іштей қарамақарсылықты, бiрақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мiнез адамы. Бұл типтi адамның iшкi ниеттерi мен сырт əрекет қылығы арасында келiспестiк бола тұрып, өзiнiң қоршаған ортамен қатынасында əлеумет талаптарына ыңғай бередi, iсəрекетiн соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзiн ерiк билiгiнен бiрде босатпайды, жан, ой дүниесiн сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын iздестiруге дайын тұрады.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерiнiң ойпiкiрлерiн қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс iздестiру жəне əлеумет қолдамаған күнделiктi тұрмыс күйбеңiне берiлмеу жолдарымен шешуге бейiм келедi. Қоғам мүшелерi қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бiрақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.
3. Икемі кем, қарамақарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мiнез адамы: көңiлкүй,
ниеттерi мен əлеуметтiк борыштары арасында үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тiлдесу қабiлетi нашар дамыған, iсəрекетiн ақыл сарабына сала бермейдi. Бұл мiнез
адамдарына тəн қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты əрекетқылық жүйесiне келтiрмеген,
өмiр желiсi қарапайым бағытты тез өзгерiп тұратын қажеттерi, олар пiкiрiнше, қандай да күш жұмсамайақ
бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.
Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мəпеленiп, төңiрегiндегiлердiң орынсыз артық қамқорлығынан дербестiк қалыпқа үйренбеген. Осыдан, əрқандай кедергiден қорқады, ойланып, жол iздестiруге шамасы жетпейдi. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нəтижесiз армандау) айналып өтуге тырысады.
4.Тиянақсыз (вариативный) мiнездi адам бағытбағдарының тұрақсыздығынан, принциптiк бостығынан төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке адамдық деңгейi төмен. Тұрақты мiнезқұлығы қаланбаған осыдан барша iсəрекетiнде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.
Достарыңызбен бөлісу: |