4. Жемісті коммуникация үшін басқа қандай психология қасиеттер қажет?
Қарым-қатынас жасау барысында дәрігердің басты психологиялық қасиеті-бұл эмпатия көрсетуі,яғни бұл дәрігердің науқас қиындығына ортақтасуы,терең сезінуі,науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда «қатысуы» болып табылады.
Эмпатия үш түрлі компоненттен тұрады:
1.Идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия.
2.Интелектуалды процестерге негізделген (салыстыру,талдау)танымдық эмпатия.
3.Ішкі интуацияға сүйенетін предикативті эмпатия,яғни басқа адам туралы көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия.
5. Науқастармен жұмыс жасауда эмпатия не нәрсеге мүмкіндік береді?
-эмоционалды түрде ортақтасу,науқаспен психологиялық контакт орнатуға,ол туралы толық,әрі нақты мәлімет алуға,науқасқа жазылатынына деген сенімін уялатуға,науқастың дәрігер кәсібилігіне деген сеніммен қарауына көмектеседі;
-дәрігердің эмпатиясы,науқастың субьективті сезімдерінің,аурудыңобьективті клиникалық сипатына сәйкес келмеген жағдайында көмектеседі: (аггравация,диссимуляция мен анозогонозияда және симу лативті жағдайда)
6. Эмпатиялық жауаптардың қандай типтері бар?
Коэн-коул мен Берд (1991) эмпатиялық жауаптардың бес түрін бөліп көрсетеді:
Бейнелеу – «Мен сіздің ..... көріп тұрмын»;
Мойындау – «Сіздің не сезіп тұрғаныңызды түсіне аламын .....»;
Қолдау – «Менің сізге көмектескім келеді»;
Серіктестік – «Бірге жұмыс жасап көрейік»
Сыйлау- «Сіз көп нәрсе жасадыңыз».
Эмпатия сөздікнемесе сөздік емес түрде болуы мүмкін .
Сөздік:
«Өкінішті»;
«Сізге бұл жағдайды шешу қиынға соққан болар ....»;
«Бүгін сіз (қайғылы,ашулы,көңілсіз....) сияқтысыз »;
«Қазір сізге оңай емес»;
«Бұл жағдайды жеңу үшін,біз бірге жұмыс жасаймыз»;
«Маған кез-келген уақытта қоңырау соға аласыз»
Сөздік емес:
Жанашыр кейіп танытыңыз;
Бет келбетіңіз арқылы онымен бірге екеніңізді білдіріңіз;
Науқастың қолынан ұстаңыз;
Достарыңызбен бөлісу: |