«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет33/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні
матем ойын, 9 сынып (1), 10333, 10333, СоөЖ №1 Тақырыбы «Психологияның даму үрдісіндегі психика жөнінде-emirsaba.org, template
С. Ұстамдылық.
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.Ұстамды адам әр кез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Ол ағат істерге бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің құлы емес. Мұндай адам өзінің бар күшжігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. «... нағыз зор ерік дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу емес,-дейді А.С.Макаренко,-сонымен бірге керек болған жағдайда қажетсіз нәрседен өзін бас тарта білуге мәжбүр етуі керек. Жігер дегеніміз-құр тілекпен қанағаттану емес, бұл бір мезгілдегі тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту да... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір жігердің де болуы мүмкін емес».
Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге машықтануы, ауыртпалыққа щыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік, дегбірсіздік кедергі келтіреді. Ал ерекше күш жұмсауды керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Қорқақтыққа, жалқаулық пен тартыншақтыққа, орынсыз ұшқалақтыққа жол бермеу-адамның өз бойын тежеп ұстау алуының,ұстамдылығының белгісі. Өзін-өзі меңгере білу қандай болмасын шешімді қайткен күнде де орындауға адамның өзін жеге алуы. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым жұмысты да нәтижелі орындау мүмкін емес.
Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың, өзін-өзі меңгере алудың тарихта теңдесі жоқ үлгілерін әр уақытта да көрсетіп келеді. Осындай тамаша қасиеттің бір көрінісін А.Фадеев өзінің «Жас гвардия» романында фашистердің қолына түскен Краснодон батыры Сергей Тюлениннің мінезқұлқы арқылы өте жақсы көрсеткен. «Сережка өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг жаралы қолын қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ. Тек Фенбонг Сережканың жарасына ісікті сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін шықырлатты.. Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы беттестірді... Сережка – үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы алып кетті де бірқатар уақыттан соң камераға қасында Соликовский бар, Сережканың шешесі келіп кірді. Олар он бір баланың анасы болған кәрі әйелдің киімін қоймай шешіп жалаңаштады да, қанды топчанға жығып салып, ұлының көзінше сым темірмен соға бастады. Сережка міз бақпастан шешесін ұрғандарға қарап, үнсіз тұрып алып еді. Мұнан кейін, оны шешесінің көзінше қаншама азаптап соқты. Бірақ Сережка тіл қатқан жоқ.Тіпті Фенбогтің де есі шығып кеткендей темір сүйменді ала салып, Сережканың сау қолын шынтағынан соғып сындырып жіберді.Сережка боп-боз болып кетті, маңдайы тершіп қоя берді. Ол:-Болғаны осы...-деген жалғыз ғана сөз айтты ».
Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы, өзін меңгере алу үстінде де мықтап шыңдала түседі, онан сайын қатайып, беки береді, яғни М.Горький айтқандай, «тіпті азғана өзіңді жеңу адамды зор қуат иесі етеді». Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу-адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді,өзін қорқу сезіміне билетпей, көңілге алған ісін қажетінше істеп шығады. Адамда осындай қасиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен ұғынып орындап отыруға бой ұсындыру, коллектив мүддесіне нұқсан келтіретін түрлі теріс қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен сенімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдарді (босқа лепіру, даурығу, ұшқалақтық т.б.) тежей білуге үйретіп отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет