Тақырыбы: Жарасымды жанұя Сыныбы: 5



Дата11.01.2017
өлшемі34,13 Kb.
#7057
түріСабақ
Тақырыбы: Жарасымды жанұя

Сыныбы: 5 «А»

Мақсаты: отбасындағы ата-ана мен баланың өз міндеттері мен оры туралы түсініктерді бала бойын қалыптасытыру; өз отбасына деген махаббатын ешқашан жоғалтпай ата-анаға деген құрметті әр қашан да берік ұстау керек екендігін түсіндіру.

Әдісі: баяндама жасау, сұрақтар мен тапсырмалар беру, сурет салу, өлең шығару, әңгіме жазу

Көрнекілігі: отбасы туралы қанатты сөздер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, түрлі-түсті қаламдар.т.б.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, Әнұранды орындау, орындарына орналастыру, түгелдеу, назарын аудару.



Ананың сүюі

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе тұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

***


Әке туралы жыр

Жапырағын жайған бәйтерек,

Тереңге тартқан тамырын.

Сезбеппін әке ертерек,

Жаныңның ыстық жалынын

ІІ. Әңгімелесу сұрақтары

Отбасы туралы балардың ойын жинақтау үшін сұрақтар қою:

Отбасы деген не?

Отбасы мүшесі деп кімдерді айтамыз?

Отбасында сенің орның қандай?

Ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді?

Ата-анаңа қалай көмектесесің?

Ата-анаңды ренжіткен кездерің болды ма?



ІІІ. Жаңа ақпарат

Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және туған туыстардың ортасын құрайтын отбасы – қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.

Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлінісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, әр отбасы болмыс тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да өзара татулықты қажет етеді.

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.

Ана үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ балалардың тәрбиесіне үлкен назар аударады.



ІV. «Мақалдың маған берері көп»

Отбасына арналған мақалдарды балалардан сұрау және тақтадан көрсету арқылы толықтыру, мағынасын түсіндіру.

***

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,



Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. Қорқыт ата.

***


Ұлт болам десең бесігіңді түзе! М.Әуезов

***


Отан отбасынан басталады В.А.Сухомлинский

***


Адам өміріндегі ең үлкен қуанышы – бала сүю. Б.Момышұлы

***


Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады. Н.К.Крупская

V. «Отбасының шаттығы»

Тақтада берілген шаңыраққа өздерінің отбасына арналған жақсы сөздерін жазу арқылы уықтарын қадайды. Шаңыраққа күннің сулесін шашу үшін күннің шуағына ата-аналарын тілек жазады. /мұғалім балалардың жазғандарын оқып береді/



VІ. Тыныштық сәті

Балалар, біз қазір көздерімізді жұмып, баяу әуеннің ырғағымен менің айтқан сөздерімді тыңдап, өз қиялымызбен «керемет отбасына» серуендейміз. /баяу әуен орындалады, оқушылар көзін жұмып тыңдайды/ .

«Айналамыз сондай жарық. Күн төбемізде нұрын шашып тұр. Мен өз отбасымның ортасында келемін. Анам да, әкем де қасымда, бауырларым да бірге. Анам маңдайымнан сипап еркелетеді, әкем шашымнан иіскеп еркелетеді, бауырларым мені мақтан тұтады. Алдымыздағы мына әсем сарайдай ақ үй біздің үйіміз. Есігі айқарадай ашық, ауламызда әдемі гүлдер көздің жауын алады. Біз барлығымыз үйге ендік. Анам әп-сәтте дастархан әзірледі, біз көмектестік. Отбасыныңы жарастығы осы шығар барлығымыз бірге тату дастархан басында анам әзірлеген ыстық тоқаштан алып жатырмыз. Әкенің орны бір бөлек біздің қуанышымызға қарап қуанып отыр. Біз керемет отбасымыз». Балалар көзімізді жаймен ашайық. Қане кім қандай сезімде болды? / балалардың сөздерін тыңдау/

VІІ. «Әкем, шешем және мен»

Балалар өз қалауы бойынша алдын ала үлестірген қағаздарына сурет салуға, өлең шығаруға немесе әңгіме жазуға болады.



VІІІ. Қорытынды.

Балалар алдарына таратылған жүрекшелерге отбастарына арнап тілек жазады да, өз отбастарына табыстауға алады. Өздері орындарынан тұрып бір-біріне отбастарында тату болуға арналған тілектер айтады.



«Ана туралы жыр» сөзі Ғ.Қайырбековтікі
Каталог: Kaz yaz
Kaz yaz -> Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту Түрі: «Оқу мен жаз арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы
Kaz yaz -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін
Kaz yaz -> Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Сабақ түрі : жаңа сабақ /ойын түрінде өткізу/ Әдіс тәсілдері
Kaz yaz -> Сабақтың тақырыбы: астана өлеңі Сабақтың түрі: ойын сабақ
Kaz yaz -> Сабақтың тақырыбы: Не қайда сатылады? Сабақтың түрі: ойын сабақ
Kaz yaz -> Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау. Сабақтың мақсаты
Kaz yaz -> Сабақтың тақырыбы: киім кию туралы Сабақтың түрі: ойын сабақ
Kaz yaz -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін
Kaz yaz -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан қалалары Сабақ мақсаты
Kaz yaz -> «Атамекен» республикалық бағдарлама Республикалық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет