«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет106/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

XII - практикалық сабақ
Қарым-қатынас функциялары

  1. Қарым – қатынас туралы жалпы ұғым.

  2. Қарым – қатынастағы қиындықтар.

  3. Қарым – қатынастағы қорқыныш.

  4. Қарым – қатынастағы дағдының жетіспеушілігі.

Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым – қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым - қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік жағдайына байланысты экононмикалық, саяси,т.б.факторлардың күшті ықпалында болды.
Барлық кездесетін қарым – қатынастарды үш түрге бөлеміз:
Қажетті қарым – қатынастар (Туған – туысқан арасындағы қарым -қатынас);
Міндетті қарым – қатынастар (Мұғалім мен оқушы, дәрігер мен сырқат);
Ынтымақты қарым – қатынастар (Жақсы достар арасындағы қарым - қатынастар)
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көпжағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет