«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет107/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Қарым-қатынас стратегиясы:
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық жасайды. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кезкелген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
Қарым – қатынастағы қиындықтар.
Қарым – қатынас психологиясы, біздің өміріміздегі ең маңызды саланың бірі болып табылады. Күнделікті өмірімізде әр түрлі жағдайлармен айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасқа түсеміз. Бұл адамға табиғатынан берілген қасиет. Бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты қарым – қатынасқа түсу қиындық тудырып жатады. Мысалы: әйел адаммен сөйлескенде, танымайтын бөтен адаммен сөйлескенде. Адамдардың барлығы ақпарат алмасып сөйлескенді жақсы көреді, бірақ кейбір өзіндегі жетіспеушіліктерді алға тартып қарым – қатынасқа түсуден қашады.
Ең алдымен кеңестерді пайдаланбас бұрын, бұл қорқыныштың қайдан пайда болғанын анықтап алу керек. Бұл мәселенің пайда болу түбірін біліп алған соң, оның шешімін табу жолы оңайға түседі. Мүмкін қарым – қатынастағы қорқыныштың ең басты мәселесі балалық шақта болуы да мүмкін. Адам бала кезінде көп конфликтілі жағдайларды басынан кешірсе, өскенде тұйық, сөзге шорқақ болады.
Қарым – қатынасқа түсудегі қиындықтар:

  • Сауатты қарым – қатынас орнатудағы қабілетсіздігі.

  • Контакт орнатуға қабілетсіздігі

  • Түсіністік танытудың жоқтығы

  • Шамадан тыс қарапайымдылық

  • Жасқаншақтық, ұялшақтық

  • Шамадан тыс тежелу және кішіпейілділік.

  • Өзін – өзі бағалаудың төмендігі

  • Сыртқы көрінісінен ұялу

  • Басқаларды тыңдауға және түсінуге қабілетсіздігі

  • Басқаларға жағымсыз кейіппен көріну




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет