«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Жазылмас науқасқа оның жағдайын хабарлау керек пе?



бет142/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Жазылмас науқасқа оның жағдайын хабарлау керек пе?
Жазылмас науқастармен ашық сөйлесу мәселесі өте қиын болып табылады. Бұл туралы көптеген пікірлер бар. Біреулері, пациентке бүкіл шындықты айтқан жөн десе, екіншілері ауыр науқасқа мейірімділікпен қарап, оған жақындап қалған өлім туралы ешнәрсе айтпайды, ал үшіншілері бұл пациенттің қалауымен жүруі керек дейді. Әрине, науқас өзінің жағдайы туралы шындықты білуге құқылы және оның құқығын аяқ асты етуге ешкімнің қақысы жоқ, бірақ «білуге құқылы» және «білуге міндетті» деген ұғымдардыңбірдейемес екенін ұмытпаған жөн. Білу қақысы мен ақпаратты таңдау қақысы бірдей емес. Пациенттің еркіндігі, оның нақты шындықты білуге деген ұмтылысына бағытталған кезде ғана толық болады. Ауыр нпуқас жақындап қалған өлімі туралы ештеме білгісі келмесе, онда айналасындағылар оның таңдауын сыйлауы қажет.
Қаза алдындағы адамдармен өзін қалай ұстау керек?
Қорытындыда өлім халінде жатқан адаммен жұмыс жасау кезінде ескеретін бірнеше маңызды қағиданы атап кетейік:
1.Көбінесе адамдар жалғыздықта өледі, « адам әрқашанда жалғыз өледі» деген белгілі пәлсапалық тұжырым көбінесе біржақты түсінеді және өлім халінде жатқан адамнан алыстауды осылайша ақтайды. Бірақ, адамды жалғыз қалдырса өлім қорқынышы мен ауруы күшейеді. Өлім халінде жатқан адамға, өліп қалған сияқты қарауға болмайды. Онымен қарым-қатынас жасап, халін біліп тұру өте маңызды;
2.Өлім халіндегі адамның шағымын мұқтят тыңдап, қажеттіліктерін қанағаттандырып тұру керек;
3. Айналадағы адамдардың барлық тіршілігі, өлім халінде жатқан адамға бағыттталуы жөн. Онымен қарым-қатынаста үстіртін оптимизмнен аулақ болу қажет, өйткені ол күмән туғызады;
4.Өлім халіндеегі адамдар тыңдағаннан көрі өзі сөйлегенді ұнатады;
5.Өлім халіндегі адамдардың сөзінде жасырын мағына болады. Оны жақсы түсіну үшін қолданылған символдардың мәнін ашу керек. Әдетте, науқастың ым-ишарасы, әңгімелері мен естеліктері көп мағыналы болады;
6.Өлім халіндегі адамды тек күту, аялау нысаны деп қарастырмаған жөн. Көбінесе айналасындағылар, өлім халіндегі адамға «не жақсы?» деген мәселені шын көңілден шешкісі келеді. Бірақ жауапкершілікті барынша өзіне тарту пациенттің дербестігін азайтады. Мұның орнына оны тыңдап, емдеу туралы шешім қабылдауға қатыстыру керек;
7.Өлім халінде жатқан адам қолында алатын ең үлкен нәрсе- біздің тұлғамыз. Әрине, біз көмек берудің үлгілі құралы емеспіз, бірақ жағдайға байланысты дөп келеміз. Өлім халінде жатқан адаммен бірге болу, бізден қарапайым адамгершілікті талап етеді және оны көрсету міндетті болып табылады;
8.Психолгтар мен дәрігерлер өз күмәндары мен күнә сезімдері және өзінің өлім жайлы ойларын мойындап, бөлісуі керек.
Өлім халіндегі адаммен және оның туыстарымен жұмыс істейтін күтушілерге де маңызды көмек қажет. Олармен әлсіздік және кінәлілік сезімдерін мойындау жайында әңгімелесу керек. Дәрігерлер кәсіби сезімдерін қорлауды басынан өткізуі шарт. Бұл сезім пациенттің өлімін кәсіби күйреу деп қабылдайтын дәрігерлердің арасында жиі кездеседі.
ХХХ - практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет