«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


VIII - СОӨЖ Қабылдаудың физиологиялық негіздері



бет176/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

VIII - СОӨЖ
Қабылдаудың физиологиялық негіздері.
Қабылдау- түсінігі мен қабылдау табиғаты. Заттар мен кұбылыстардың өз қасиеті мен бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі. Белгілі бір затты сезіп түйсіну қабылдаудың айрықша қасиеті болып табылады. Қабылдау мүмкіндіктері тек сезім тітіркендіргішке жауап беру ғана емес, сонымен қоса белгілі бір заттың сипаты ретінде сезімтал түйсіну болып табылады. Ол сенсорлық жэне қозғалыс аппараттарыньщ жете дамуын болжамдайды. Оның эрекетпен осы байланысы адамда қабылдаудың даму тарихының жолын анықтайды. Бүл ерекше таным әрекеті болып табылады. Мұнда жеке санада пайда болатын бейнені затпен сальтстыру, беттестіру болып табылады.
Қабылдау қасиеттері: «Апперцепция» - (латын сөзі, қазақша қабылдауға қосымша деген мағананы білдіреді).Апперцепцияның екі түрі бар: Тұрақты және уакытша. Тұрақты апперцепция адамның кызығуы мен дүниетанымына мамандығы мен білім деңгейіне байланысты болып отырады. Уақытша апперцепция адамның әртұрлі алдануы (иллюзия) салдарынан жаңсак пікірлер туғызады. «Иллюзия» - (латын сөзі, қазақша мағынасы - алдану). Қабылдау тұтастыгы, белгілі бір заттын бейнесін тұтас қабылдау. Қабылдау константтылығы, бұл - заттардың кейбір қасиеттерін (пішіні, түсі, көлемі) бір қалыпты болып кабылдануы. Константтық - пайда болатын қасиет. Кешенділігі - қабылдау түйсіктердің жай ғана косындысы емес, мағыналылығы - қабылдау ойлаумен, заттар мағынасын түсінумен тығыз байланысты. Қабылдаудың таңдамалылығы бір объектілерді екіншілерімен салыстыра отырып, ерекшеленуде көрінеді. Кеңістікті қабылдау - кеңістіктегі объектілерді күрделі процесс. Дуниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың эркайсының белгілі түр - тұрпаты бар: үзын -кыска, енді - енсіз т.б. Қашықтык пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергеициясы (жақьшдауы) яғни екі көзбен көретін затқа бір квздей болып әрекет етуі қажет. Бүл жақын жердегі нэрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге карагаида олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу кабілеттілігін аккомадация (көз үйрену) деп атайды. Уақытта - материяның емір сүруінін объективті шындық формасы, уақытты қабылдау бірнеше компаненттерден түрадьт. Уақыт құбылыстың белгілі бір ырғагымен өтеді, уақыт қарқын арқылы влшенеді. Қарын - қүбылыстың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші. Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дэуір, кезең, ғасыр, жі.ілдармен өлшенеді. Осы шакта ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді.
Қабылдау түрлері. Қабылдауды топтастырудың бірнеше түрі бар. Алғашқы топтастыру рецсптор модальдыгынан шығады. Мүнда есту, көру, сипап сезу қабылдауы болып бөлінеді. Екіншісі материяның өмір сүру формаларына негізделген. Бұған заттарды, уақытты, қарым-қатынасты, қозғалысты, кеңістікті жэне адамды кабылдау жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет