«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет180/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Тіл, Ойлау және сөйлеу
Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс. 
Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З.Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:
1. сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;
2. сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;
3. пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді, 
4. ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.
Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп жеткізу, жаңа мәлімет беру сияқты қосымша мәліметтері бар». 
Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі. 
Ойлау мен сөйлеудің дамуы және өзара байланысы.
Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған
лайықты сөз таба білуге тиісті. Егердеондай сөзтабаалмаса, ол ой иесіне де
шала, түсініксізболып қалады. Яғни, ойдыңдамуысөйлеудіңдамуыменөте
тығызбайланысты. Адам өзініңсөйлеумәдениетінжетілдірмейінше, жоғары
ақылмәдениетіне жете алмайды.
Сыртқы сөйлеуауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұларданбасқаауызша
сөйлеудіңмынандайекітүрі бар: 1. Диалогтықсөйлеу. 2. Монологтықсөйлеу. Диалогтықсөйлеу – екінемесебірнешеадамныңтілдесуі. Монологтықсөйлеу – бірадамныңсөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция жәнебасқа да түрлерікездеседі. Мұндасөйлеушібірадам, тыңдаушы – көпхалық. Осылайшасыртқысөйлесу: ауызшадиалогтықсөйлеу, ауызшамонологтықсөйлеу, жазбашасөйлеуболыпбөлінеді.
Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Ойлаудың әлеуметтік табиғаты. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң, ереже ұғымдары пайдаланып отырады. Ғылымда жинақталған осы заңдар тәуелділіктер, әдістер, ұғымдарды әр адам ойлау үстінде пайдаланып, отырады. әрине бұл үшін ол осы заңдарды білетін болуы керек.
Ғылым, техника, өндіріс , ауыл шарушылығының барлық орасан жетістіктері бір ғана адамның емес, көптеген адамдардың , тұтас коллективтердің,тіпті бірнеше ұрпақтық ұзақ жылдар бойы дамылсыз ойлаларының нәтижесі. Адамдар тәжрибелер жасайды, зерттеулер жүргізеді, әр түрлі құбылыстардыңқасиеттерінің бетін ашады, құбылыстар арасындағы тәуелсізділіктерді және оларға әсер ету тәсілдерін ашып отырады. Практика мен теорияның өте күрделі мәселелерін шешу үшін адамдар ашылған байланыстар мен заңдылықтарды пайдаланудың жолдарын міне осылай табады.
Ойлаудың әлеуметтік табиғаты адамның оны қандай мәселені шешуге бағыттауынан да ашық көрінеді. Мысалы, атом энергиясы саласындағы, ғылыми зерттеулерді капиталистік елдердегі кейбір ғалымдардың халықты қыру мақсатына бағыттайтыны, ал социалистік лагерь елдердегі ғалымдар атом энергиясын бейбітшілік мақсатында, еңбек өнімділігін, халықтардың тұрмыс жағдайын арттырға пайдаланатыны кездейсоқ нәрсе емес қой.
Дара адамның ойлауының ғылымының, өндірістің дамуымен қоғамдағы жаңалықтар және жетістіктермен осылайша байланысуы ойлаудың айқын тарихи, әлеуметтік табиғатын білдіреді. Ойлаудың қалыптасу процессі Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің ролі» деген еңбегінде көқрсетілген. Энгельс адамның еңбек әрекетінің заттар мен құбылыстар арасындағы қабылдаудан жасырын ерекшеліктер мен өзара байланыстарды танудағы маңызын ашып көрсетті. Еңбек адамның алда атқарылатын әрекетті жоспарлауды, оның нәтижелерін бақылап отыруды талап етті. Еңбек адамды құрал жасауға мәжбүр етті. Еңбек адамдарды бірлесіп әрекет жасауға итермеледі, қарым-қатынас құралы – сөздің пайда болуына әсер етті. Еңбек адамның өзін-өзі саналы түрде тануына жол ашты. Әрине, қазіргі заман адамның ойлауының дамуы адам санасының ұзақ тарихи қалыптасуында өткен барлық кезеңдерін қайталап өтпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет