«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет73/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Науқастың беретін кері байланысы.
Науқастан кері байланыстың сауалнама жүргізу арқылы алуға болады. Кері байланыстың шынайы болуы үшін, науқасқа анонимді жауап беруіне мүмкіндік туғызыңыз, себебі кейбір науқастар дәрігерлермен қарым-қатынасының бұзылуынан қорқып, жауап беруден қашуы мүмкін. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысу немесе қатыспау да науқастың өз қалауымен болуын қадағалаңыз.
Экспертті шолу.
Коммуникативті дағдыны дамыту үшін әріптестердің көмегі қажет. Әріптестеріңізден сіздің бірнеше интервьюіңізге қатысуларын өтініңіз (әрине науқастың келісімімен) немесе сіздің қатысуыңызбен өткен бірнеше аудио, видеожазбаларды көріп, тыңдауды ұсыныңыз. Экспертті бақылау жасаудың бірнеше негізгі ережелерін қабылдаңыз.
Коммуникативті дағдылар мен коммуникативті процесстер туралы түсінік
«Коммуникативті дағдылар» түсінігіне анықтама. Коммуникативті процесс туралы түсінік. Коммуникативті процесте ақпарат беру және алудың негізгі аспектілері. Коммуникативті процесстің негізгі элементтері. Коммуникативті процеске қатысушылардың рөлі. Коммуникативті процесстің тиімділігіне әсер ететін факторлар. Коммуникативті біліктілік түсінігі.
Денсаулық сақтау менеджері мен гигиена эпидемиология мамандарының мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалаудың нысаны болып табылатын емдік – профилактикалық мекеме басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерімен жасайтын өзара тиімді әрекетінде коммуникативті біліктіліктің маңызы
Денсаулық сақтау менеджері мен гигиена және эпидемиология мамандарының мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалаудың нысаны болып табылатын емдік – профилактикалық мекеме басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерімен жасайтын өзара қарым қатынасының маңыздылығын түсінбеу. Емдік профилактикалық мекеме, басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме жұмысшыларымен қарым қатынасқа түсуде бірізділіктің болмауы және қарама қайшылық.
Ұйымдық кедергілер. Уақыттың тапшылығы, жұмыстың көп болуы. Денсаулық сақтау менеджері мен гигиена және эпидемиология мамандарының коммуникативті біліктілігін төмендететін психикалық ерекшеліктер: алаңдаушылық, депрессивтілік, интроверттілік. Эмоциональды жану синдромының 3 фазасы: қысым фазасы, қарсыласу фазасы және шаршау фазасы. Созылмалы шаршау синдромы. Шиеленістің пайда болу факторлары, оны шешу тәсілдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет