«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет78/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

4. Манипуляторлар.Олар адамдарды алдаудан алдына жан салмайды. Адамдардың әлсіз тұстарын біліп алған соң, оны өзіне қарсы пайдаланады.
Несімен қауіпті: Бұлардың жанында жүрген адамдар өзін төмен сезінеді. Өзіңіз ұнатпайтын істермен айналысуға мәжбүрлейді. Көп кешікпей өзіңіздің не қалайтындығыңызды ұмытып қаласыз.
5. Армандарды өлтіруші. Сізде жаңа идея пайда бола салысымен, оның орындалмайтындығын айтып, артқа тартады. Табысқа қол жеткізер сәтте, төмен тартып әкетуге дайын тұрады. Арманыңыздың ешқашан орындалмайтындығын айтып, мазаңызды алады.
Несімен қауіпті: Өмірде өздерінің жолы болмағандықтан, басқалардың табысқа жете алатындығына сенбейді. Өздерін дамытуға еш үлес қоспайды. Жаңа өмір бастаудан бас тартады.
6. Екіжүзділер.Олар шынайылық атаулысын баяғыда ұмытқан. Мысалы, сіз күлкілі әңгіме айтсаңыз, жауап ретінде жәй ғана жымия салғанын көресіз. Көзіңізге қарап, жақсы көремін десе де, іштей сізді жақтырмай тұрады.
Несімен қауіпті: Бұл адамдармен қарым-қатынаста болу, шынайы сезімдермен бөлісу мүмкін емес. Тіпті қажет кезде қолдау көрсете алмайды. Бойында жасандылық көп.
7. Мәдениетсіздер. Бұл адамдармен бірге жүрген кезде қызарып, ұялумен уақытымыз өтеді. Олар басында миы жоқ адаммен бірдей. Тіпті өздерінің ұятты әрекет жасап тұрғандарын да байқамайды.
Несімен қауіпті: Бұл адамдар тәртіп пен шекті білмейді. Өзге адамдардың сезімдерін сыйламайды.
Мұндай адамдармен дос болғанша, алшақ жүрген мың есе артық. Уақытты мұндай адамдарға құрту үшін өмір тым қысқа.
Мінезімді түзеймін десеңіз
Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.
Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.
Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.
Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.
Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.
Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет