Қиялды дамыту жолдары.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да).
Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.
Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылықеңбектегірөлі аса зор.
Достарыңызбен бөлісу: |