«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді



бет131/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Жағымды эмоциялар – адамға күш қуат беріп, әрекетке итермелеп отырады. Мысалы, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б.
Жағымсыз эмоциялар– адамды әлсіздетіп, іс-әрекетке нұқсан келтіреді. Мысалы, қорқыныш, уайым, қайғы, үмітсіздену т.б.
Сезімдер туралы ұғым.
Адам қабылдағанына (көргеніне, есіткеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреуі бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып, көптеген әсерлерді бастан кешіреді.Өзінің танып, білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлері сезім (немесе эмоция) деп аталады.
Сезім көзі - өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер. Біздің іс-әрекеттеріміз оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыста жай «түйсіну», «сезіну» деген ұғымдар араласып жүреді. Сезім барлық психикалық процестермен өзара байланысты, көбінесе сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі – түйсік, ал түйсіктің өзі біздің ықпалымызбен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әртүрлі қабылдайды.
Адам – қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатқа ие. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Ұқсас фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әртүрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. кез-келген жұмыстың нәтижесі – оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің творчестволық жұмыста ерекше маңызды. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыш жұмысында көтеріңкі көңіл-күй, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процесінде үлкен роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет