Сіз күткен өзгерістер бір күнде болмайды. Бұл процесс көп уақытты алады, тек өзіңізбен күнделікті жұмыс істесеңіз ғана нәтижесін береді.
Проблемалар жайлы ойлауды тоқтатыңыз. Сіз проблемалар жайлы көп ойласаңыз, сізге мүлдем шешілмейтіндей көрінеді. Өз – өзіңізді тыныштандырып проблеманың пайдалы тұстарын алып қалғанын ойдан шығарып тастаңыз.
Өз қорқынышыңызға қарсы жүріңіз. Басқа адамдармен сөйлесіп қарым – қатынас жасауды дағдыға айналдырыңыз. Әрине қатынас жасау үшін де тәжірибе керек. Бірақ жәй ғана кітап оқып, газет, журнал оқып тәжірибе жинай алмайсыз. Басқа адамдармен араласып ақпарат алмасыңыз. Өз – өзіңізге деген сенімділік және бірқалыптылық әңгімелесу кезінде оң нәтижесін береді.
Есіңізде болсын, егер сіз өз проблемаларыңызбен күресем деп бірақ сіз ештеңе істемесеңіз, бұл сіздің жеңілгеніңіз.
Өз – өзіңізбен күресіңіз, өз – өзіңізге сеніңіз, сізді қолдатын, түсінетін адамдарды қасыңызға жинауды ұмытпаңыз.
Егер сізге адамдармен тікелей қарым – қатынас жасау қиын болса, онда телефон арқылы сөйлесіп бастаңыз. Егер көптен бері ойлап жүрген жақсы ойларыңыз бар, бірақ оны орындау үшін телефон шалу керек болды. Алдын –ала қоятын сұрақтарыңыздың тізімін жасап алыңыз, содан кейін іске кірісіңіз. Өзіңізге қажет мағұлматтарды сұраңыз, керек болса мекен – жайларын сұраңыз, алыңыз.
Жаймендеп өзіңіз күткен нәтижені көре бастайсыз, даусыңыз дірілдегенін қояды, даусыңыздың жуандығы азаяды, сізге бұрынғыдай тізімнің керегі болмай қалады. Осындай әдіспен сіз бетпе - бет қарым – қатынас сатысына өтесіз. Көптеген танымайтын адамдармен сөйлесуге тырысыңыз, оларға нақты сұрақ қоюға тырысыңыз, болмаса бір өтінішпен бастаңыз: жол сұраңыз, қандай автобуспен баруға болады, қандай аялдамадан түсуге болады өйткені сөйлесу арқылы өз ішіңіздегі қарама – қайшылықтарды жеңесіз.
Өз ойыңды жинақтап айта алмау, паразит-сөздерді қосып сөйлеу... Бұл жағдайлар сізге таныс па? Адамның сөйлеу мәнері ол жайлы көп нәрсе айта алады. Ал егер басқалардың алдында беделді де, ақылды көрінгіңіз келсе, сөйлеу мәнеріңізді түзеңіз.
1) Бір жақсы жаттығу бар. Үй тұрмысындағы бір затты алыңыз, мысалы, табақ және бес минут ішінде сол табақты әдеби тілде сипаттап беріңіз. Бастапқыда біраз қиындау болады, бірақ әр жаттығу сайын жеңілдей түседі. Біртіндеп жаттығу уақытын созып, тақырыпты да ауқымды етуге тырысыңыз. Бұл жаттығулар уақыт өте келе дұрыс сөздерді таңдап сөйлеуге және бір сағат бойы бір табақ жайлы, сөздерді қайталамай сипаттап бере алатындай жағдайға жеткізеді.
2) Сөздеріңізден "енді", "жаңағы", "ыыы", "ммм" деген сияқты паразит-сөздерді алып тастауға тырысыңыз. Әңгіме барысында қатты эмоция білдірмеңіз. Қарапайым сөздерді пайдалануға тырысыңыз, асықпаңыз.
3) Сөйлеу мәнеріңіздің қарқынына мән беріңіз. Гөй-гөйлеп сөйлеуден қарсыласыңыздың іші пысып кетуі мүмкін. Кей уақытта кідіріп, кей жерінде эмоцияңызды білдіріңіз, бірақ қатты емес.
4) Әңгімелесу барысында түрлі метафоралар мен салыстырмаларды, мақал-мәтелдерді пайдалана сөйлеңіз. Бұл сөздеріңізді жандандыра түспек. Және әрине, әзіл-қалжың. Орынды болса, тіпті кейде өзіңізді де күлкіге айналдыра салсаңыз да болады.
5) Сөйлеу мәнеріңізді жаттықтыру үшін араласатын, сөйлесетін адамдарыңыз да көп болуы керек. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса радио мен теледидар да жарайды. Сүйікті теле жүргізушіңізге еліктеп, оның фразаларын, дауыс ырғағын салсаңыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |