ІV - дәріс. Ес және назар Жоспары: 1. Ес туралы түсінік.
2. Ес теориялары.
3. Естің түрлері.
4. Ес процесстері.
5. Естің дара ерекшеліктері.
1. Ес туралы түсінік. Ес деген проблемамен адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен ғасырдағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін анықтады.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
2. Ес теориясы. І.Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.
Ассоциацияның 3 түрі бар:
1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.
2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.
3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады.
II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.
III. Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері , нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.
IV.Биологиялық теорияІздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты.
Есте сақтау процессі екі сатылы болады:
1.Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді .
2.Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК –қышқылымен байланысты. Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минутқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады. Екінші саты бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады.
3. Естің түрлері. Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі
2)сезімдік
3)бейнелік ес
4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес
2)ұзақ мерзімді ес
3)оперативті ес.
І.Психикалық белсенділікке қарай.
а)Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.
б)Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
в)Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.
г)Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
II. Мақсатқа байланысты.
Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы.
Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
III. Материалдық есте сақтау.
Қысқа мерзімді материалды қысқа сақтау.
Оперативті - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
3. Ес процесстері. 1.Есте қалдыру.
2.Қайта жаңғырту.
3.Есте сақтау.
4.Ұмыту.