3.Зейіннің түрлері: 1)ырықты.
2)ырықсыз.
3)үйреншікті.
Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.
Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1)Адамның ішкі сезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.
Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.