«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Жазылмас науқасқа оның жағдайын хабарлау керек пе?



бет196/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Жазылмас науқасқа оның жағдайын хабарлау керек пе?
Жазылмас науқастармен ашық сөйлесу мәселесі өте қиын болып табылады. Бұл туралы көптеген пікірлер бар. Біреулері, пациентке бүкіл шындықты айтқан жөн десе, екіншілері ауыр науқасқа мейірімділікпен карап, оған жақындап қалған өлім туралы ешнәрсе айтпайды, ал үшіншілері бұл пациенттің қалауымен жүруі керек дейді. Әрине, науқас өзінің жағдайы туралы шындықты білуге құқылы және оның құқығын аяқ асты етуге ешкімнің қақысы жоқ, бірақ «білуге құқылы» және «білуге міндетті» деген ұғымдардың бірдей емес екендігін ұмытпаған жөн. Білу қақысы мен ақпаратты таңдау қақысы бірдей емес. Пациенттің еркіндігі,оның нақты шындықты білуге деген ұмтылысына бағытталған кезде ғана толық болады. Ауыр науқас жақындап қалған өлім туралы ештеме
білгісі келмесе, онда айналасындағылар оның таңдауын сыйлауы
қажет. Қазаның таяп қалғандығын білу, көбінесе, науқастың жағдайын
женілдетпейді, сондықтан оның аз білгендігінің де пайдасы бар. Егер
пациент қанша уақыт өмір сүретіндігі туралы үзілді - кесілді мәлімет
талап етсе, айналасындағылар оның дәлелдері не құлақ түріп, оның
сезімдерін түсінуге ұмтылуы керек. Көзсіз батырлық көбінесе жалған
болады. Шындықты аяғына дейін айтуды талап еткен кезде, пациент
осы шындыққа деген өзінің реакциясын көз алдына елестете алмайды.
Кейде науқастың талаптары шартты түрде болатындығы, оның нақты
жауап алғысы келмейтіндігі көзге түседі, өйткені нақты жауап, оның
үмітін үзеді. Клиникалық тәжірибеде бұл мәселе екі сұрақтың көлемінен шығып кетеді де, пациентке диагнозы туралы, емдеу және болжау туралы «қашан», «қалай», «қанша» айту керектігін бойына жинайды.Бұл мәселелер пациенттерге «жақсылық жаса!» қағидасын басшылыққа алатын дәрігерлерді көп толғандырады. Көптеген адамдар, терминалдық
(өлім алдындағы) пациенттер өз жағдайы туралы толық ақпарат алуы керек деп есептейді. Сонымен қатар, көпшіліктің ойынша, бұл пациенттер медициналық емдеу, өмірін қалай аяқтау сияқты мәселелер бойынша шешімді өз еркімен қабылдауға құқылы. Шындықты айтпаудың неғұрлым жалпы себебі, өлім халінде жатқан адамды «білімнен» зақымданудан қорғап қалуға ұмтылу болып табылады. Бірақ, өлім халінде жатқан науқастардың сұрақтарына анықтап «мейірімділік жасау» және «зиян келтірме» ұғымдары арасындағы тепе-теңдікті табуымыз керек. Өлім халінде жатқан адам, өз жағдайын түсініп, көбінесе өз ауруы, таяп қалған өлім туралы өзін терең түсінетін, жұбатқысы келмейтін адамдармен әңгімелескісі келеді. Сондықтан, дәрігер немесе кеңесші өлімге байланысты қорқыныштар мен фантазипларды, өлім халінде жатқан адамның ұмтылыстарын кәсіби түрде ажырата білуі керек. Бұл пациентті таңдап қана емес, өз жеке басы өлім туралы не ойыайтынын, өмірмен қосып не жоғалтатыны туралы ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді.Кеңесші жазылмас науқасты, өмірінің соңғы сәттеріне дейін өмір сүруге
талпындыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет