«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Сауалнамалар құрастыру, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау



бет192/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

ХХVIII - практикалық сабақ
Сауалнамалар құрастыру, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау.
1.Сауалдаманың түрлері
2. Медициналық сұхбаттың аяқталуы.
3. Медициналық сұхбаттың құрылымы.

Сауалдама-медицинадағы ең қарапайым процедуралардың бірі болып есептелінеді.Медициналық қызметкер мен науқастың арасындағы сұхбат тек ауру тарихын білуге ғана бағытталмаған.Мұнда ең басты мақсат клиникалық маңызы бар мағлұматтармен алмасу,медицина қызметкері мен науқас арасында одақ құру.Науқас медицина қызметкеріне келгенде көмек іздеп келеді,ал білімді де тәжірибелі медицина қызметкері науқасқа көмек көрсетуі тиіс. Медициналық мекемелердің көпшілігінде ең кең таралған клиникалық сауалдама-қарапайым медициналық мағлұматтарды жинақтау. Бұл мағлұматтар қазіргі аурудың белгілірі мен симптомдарын,өткен аурулардың ағымын ,науқастың жанұясы жайлы мағлұмматтарды айқындауға және жүйелер бойынша шолу өткізуге көмек береді. Науқастың өмір сүруінің басқа аспектілері, мәселен психосоциалды мінездемелері,көп жағдайда медициналық сауалдама жүргізген кезде анықталады. Медицина қызметкерлері медициналық қарау кезінде пациенттің эмоционалды жағдайын білу үшін жол табуға ұмтылады. Сонымен қатар,науқастың өзін-өзі тану деңгейн ,тұлға аралық қатынастардың мінездемелерін және қиындықтарды жеңе алу қабілетін, науқаста бар болған жағдайда психосоциалды дамуының бұзылыстарын анықтауға тырысады. Медициналық қызметкерде сауалдама өткізу шеберлігі бүкіл профессионалды қызметінің барысында дамып отырады. Оқу орнын бітірген соң,жұмыс барысында бұл дағдыны менгереді деген оймен,өткен жылдары медициналық қызметкерлерді оқытуда бұл мәселеге керекті назар аударылмаған.Студент-медиктер науқастармен оқу барысында сөйлесіп үйренген жағдайда,науқаспен сұхбат жүргізу дағдысы жеңілге түседі,бірақ бұл кезде оқытушы немесе консультант болуы тиісті.Сауалдама әдісі,экспериментатор және респондент (пациент) арасындағы тікелей (интервью) немесе тікелей емес (сауалнама,анкета) қатынас,зерттелуші индивид,топ,әлеуметтік қауым жайлы мағлұмат алу тәсілі.Сауалдама әдісі тұлғаны зерттеудегі ең кең таралған әдіс болып есептелінеді.Сауалдаманың мақсаты-науқастың бағытын, өзі жайлы,айналасындағы адамдар жайлы ой-пікірін анықтау. Сауалдаманы басқа тәсілдермен қосарластырып қолданған өте тиімді болады және де көптеген қатерлердің алдын алады.Сауалдаманың мына түрлері белгілі:интервью,сұрақ-анкетасы және жеке сауалнамалар. Интервью-ауызша сөйлесу нәтижесінде ақпарат алудың амалы.Интервью байқау әдісі секілді ертеден келе жатқан әдіс. Интервью 2 түрлі мағлұматтар береді.
Біріншіден, науқастың сөйлесу мәнерін, жүріс-тұрысын, мимикаларын,бейтаныс адамдармен қатынасын байқауға болада.Екіншіден, интервью кезінде науқастың өмірі жайлы мағлұматтар алуға болады. Интервью түрлері.Құрылу дәрежесіне қарай:

  1. Стандарттандырылған немесе формальды интервью.Бұл интервьюде сұрақтардың құрылуы және олардың нәтижесі алдын ала анықталады.

  2. Стандарттандырылмаған немесе бос интервью.Мұндай интервьюде медициналық қызметкер жалпы жоспарға сүйене отырып,жағдайга байланысты сұрақтар қояды.

  3. Жартылай стандарттандырылмаған немесе фокустелген интервью.Мұндай интервьюді жасаған кезде медициналық қызметкер стандарттарға негіздей отырып , басқа да керек сұрақтар қоя алады.

Зерттеу дәрежесіне қарай:

  • Алдын ала жүргізілген интервью.Жағымды зерттеулер кезінде қолданылады.

  • Негізгі интервью.Негізгі мәлімет жинау кезеңінде қолданылады.

Қатысушылардың санына қарай:

  • Индивидуальды интервью-бұл интервьюде медициналық қызметкер мен науқас қана қатысады.

  • Топталған интервью-екі адамнан көп тұлғалар қатысады.

Интервьюдің негізгі фазалары: адаптация, қойылған мақсатқа жету,қозуды шешу.Интервью адаптация фазасынан басталады -бұл кезде науқасты сұрақтарға жауап беруге және сұхбаттасуға дайындайды.Бұл фазаның мазмұны-барлау,дайындық жүргізу.Интервьюдің келесі фазасының негізгі мазмұны-қойылған мақсатқа жету,негізгі ақпаратты жинау, мәселесінің шешілуіне ықпал жасау.Науқастың көңілін аудару үшін функционалды психологиялық сұрақтар қолданылады.Медициналық интервьюдің қортындылануы.Интервьюдің соңында жай сұрақтар қойылу арқылы қызбалылыққа және сезімдердің шығуына жол беріледі. Сұрақ-анкетасы өзінің бастамасын Ф.Галыпон,К.Пирсон және Дж.Кэттел стандарттырылған анкета және шәкілдеуден алады.Олардың өңдеулерін түрлі сұрақ-анкетасын және жеке сауалнамалары құрастыру үшін басқа зерттеушілер кеңінен қолданылады.Сұрақ-анкеталар адамның тұлғалық қасиеттеріне және ерекшеліктеріне қатысты емес мағлұматтар береді.Мысалы,биографиялық сұрақ-анкеталар,қызығу сауалнамалары,бағдар сауалнамалар және т.б. Тестілеу-стандарттандырылған сұрақ және есептерден құрылған психологиялық диагностика.Психологияда көптеген арнайы тесттер құрылған,олар адамның психикалық ахуалын,тұлғалық қасиеттерін зерттеуге арналған.Мысалы,интеллектті,қабілетті ,тұлғаның жетістіктерін анықтайтын тесттер.
Шәкілдеу(шкалирование)-психологияда қолданылатын бағалау тәсілінің бір түрі.Шәкілдеу барысында сыналып жатқан адамға сөздік(әр түрлі ой пікірлер),сандық белгілер немесе графикалық түрінде түзілген шкалалар қолдану арқылы қандайда бір обьектті бір белгілер бойынша бағалауға нұскау беріледі.Шәкілдеу психологияда бір жағдайға адамның қатынасын көрсетеді,белгілі обьектке қатынасын бағалауға жәрдем береді.
Науқасқа сауалдаманы қалай дұрыс жүргізу керек? Медициналық қызметкерлердің науқаспен жақсы әңгіме-сұхбат құруы,дұрыс диагноз қоюдың,науқастың қанағаттануының алғы шарты болып табылады. Одан әрі науқастың қобалжуы төмендеп, ол медициналық қызметкердің барлық ұсынысын орындайды.Медициналық қызметкердің нұсқауы нақты,әрі қарапайым болуы тиіс.Науқаспен амндасу және өзін таныстыру.<Қайырлы таң Л.Т.....Кіріңіз отырыңыз.Менің аты-жөнім.........>1.Науқасқа өзінің шағымдарын айтуды ұсыну.<Сонымен,менің сізге қандай көмегім қажет?> немесе

  • <Сізді қинап,мазалайтын не жағдай екенін айта беруіңізге болады>.

Бұл науқасты әңгімеге тартып,оның өз қиындығын сізге қалай дұрыс жеткізсем болады деген қиналысын сейілтеді.


Мысалы:Медициналық қызметкер ілтипатты екен,яғни менің қиындығымды тыңдауға,маған көмек беруге дайын екен.
2.Мысалдарды пайдалану
Медициналық қызметкерлердің тәжірибелік іс-әрекетіне өмірден алынған мысалдар мен өзінің басынан өткен жағдайлары көп көмегін тигізеді. Мысалдар қарапайым,әрі медициналық терминдер қолданылмай баяндалуы қажет.
ХХIX - практикалық сабақ
Емделушілердің кәсіби хабардар болуы, қайғылы жәйттерді хабарлау дағдылары
1.Сауалдаманың түрлері
2. Медициналық сұхбаттың аяқталуы.
3. Медициналық сұхбаттың құрылымы.

Жазылмас ауру адамға өлімді бір табан жақындатады. Ол адамның өмірін өзгертеді, осының нәтижесінде «тұлғалық даму» белгілері көрніс береді. (Үalom, 1980). Өлім тақағанда не болады? Бұл сұраққа жауапты қатерлі ісікпен ауыратын науқастармен әңгіме барысында аламыз:
- Өмірдегі приоритеттер қайтадан бағаланады, маңызды емес мәселелер мәнін жояды;
- Еркіндік сезімі пайда болады-жасағысы келмеген заттар жасалмайды, маңызды дегеннің мәні жойылады(«міндетті» мен «қажетті» және т.б);
- Өмірдің әрбір сәтінің маңызы артады;
- Өмірдегі қарапайым оқиғалардың маңызы күшейеді (жыл мезгілдерінің ауысуы, жаңбыр, қар, жапырақтардың түсуі және т.б);
- Керексіз болып қалу қаупі азайып, қауіптен қорықпау сезімі пайда болады;
- Сүйікті адамдармен қарым-қатынас тереңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет