жауапкершілікпен өмір сүру, ерте сексуалды қатынастардан бас тарту;
тек бір ғана, сенімді серіктестің болуы, егер ол серіктесі бұрын қорғансыз жыныстық қатынасқа түскен болса, оған міндетті түрде тексеруден өту қажет.
әр жыныстық қатынас кезінде презервативті қолдану.
ХХV - практикалық сабақ Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара қарым-қатынас Жоспар
1.Медбике және науқас қарым қатынасы
2.Дәрігер медбике қарым қатынасы
3.Дәрігер-пациент қарым-қатынасы,модельдері
4.Сұхбаттасудың әдістері
5.Дәрігер қызметінің заңмен реттелуі
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді: ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы; практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы. Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер – емделуші,
медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар.
Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!
Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты. Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.
Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
Ежелгі грек философы Сократ айтқан екен:
«Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда.
Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.
Сол кезде жүрек сыздап, көңіл құлазитын кездер де кездесіп тұрады.Үстіне ақ желең киіп отырып, есіктен енді еніп үлгірмеген сырқатты сыздана қарсы алып, ызғарымен ықтыратын дәрігерлер де кездеседі:
-Алатыным аз айлық. Сенің асты-үстіңе түсіп бәйек болатын уақытым жоқ. Тезірек ауыратын жеріңді айт,- деп дікеңдейтін де дәрігерлер бар.
Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде,сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын.
Әр адамның мүддесі болады. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Сол секілді науқас адамның бойындағы жігерлікті, қайраттылықты жүрегіне ұялата алсақ, қажеттілікті сезіндіре білсек, психикалық тіршілігінің маз-мұнын байытатын қозғаушы күш болып табыламыз.
Әрбір науқас қуанышқа жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады. Оған жетудің сенімді жолы - ойлау жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы факторлар мен жағдайларға да байланысты,әрі қасында жүрген адамдардың да қарым-қатынасына да байланысты.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
Медицина дерттің өзі тудыратын, сондай-ақ емдеу барысында туындайтын психологиялық мәселелерге әр кезде де аса зор мән береді. Клиникадағы емдеу процесіне қатысушы ретінде маман психологтың пайда болуы соңғы уақытта ғана жүзеге асты. Бүгінде психиатриялық, наркологиялық және т.б. салаларда медициналық психолог мамандары бар.
Қазіргі клиникалық медицинада ғылыми-техникалық прогресстің пайда болуы жеке алғанда тар салада мамандану мен аспаптық және лабораториялық зерттеу тәсілдерінен, емдеуден байқалады. Сол себепті науқас адамның әр түрлі дәрігерлермен кездесуіне және олармен қатынаста болатын уақыттың қысқаруына тура келеді. Кейде дәрігерде пациент жөнінде бір тұтас пікір қалыптаспайтын кез пайда болады.
Медбике және науқас қарым-қатынасы
«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:
Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:
Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;
Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;
Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;
Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.
Дәрігер-медбике қарым қатынасы
«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:
Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;
Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;
Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.
«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:
өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;
Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;
Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;
Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.
«Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:
өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;
кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;
Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;
Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.
Дәрігер-пациент қарым-қатынасы,модельдері
“Дәрігер-науқас” жүйесіндегі қарым-қатынас тапшылығының орынын медициналық психология бойынша маманның толтыра алатындығы сөзсіз. Дегенмен осы өзекті мәселе облыстағы емдеу-алдын алу мекемелерінде қалай шешілуде деген сауалдың пайда болары айқын.
Жоғарыда айтып өткендей, бүгінгі таңда тек психиатриялық саламен қызметі сабақтас медициналық және педогогикалық мекемелерде ғана медициналық психолог және психолог мамандары жұмыс істеуде. Алайда олардың әр қайсысы өзінің жинаған тәжірибесі, жеке бетінше ізденіп және арнайы оқып алған білімдеріне сүйеніп қызмет етуде.
Мәселенің бір ұшы арнайы медициналық білімі бар психологтардың тапшылығы. Бұл бағытта психологтардың біразының орта медициналық білімі барлығын айтқанмен, қалғаны тек педагогикалық жоғары біліммен шектелетінін еске салған жөн.
Медициналық жоғары және орта оқу орындарында психология пәні оқытылады. Оған бөлінген сағат санының аз екендігін ғалымдар ұдайы тілге тиек етіп жүр. Болашақ маманның осы салаға қаншалықты көңіл қойып, келешекте осы қызметті таңдауын ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен емдеу процесінде психологтың атқарар рөлін қазіргі кезде төмендету мүмкін емес.
Өркениеттік даму жолына түскен, сондай-ақ бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат тұтқан біздің елімізде медицинаның жоғары деңгейде көрінуіне медициналық психология саласын дамыту көп нәрсе берері айқын.
Психологтың ауру адамдарды аралау, дерт түрін талдау және басқа да өндірістік-клиникалық шараларға етене араласуы соматикалық клиникада клиницист пен психологтың өзара ықпалды әрекет етуінің негізі болып саналады. Диагноз қою кезінде де психологқа қажеттілік туындайды.
Психолог науқас адамның ауруханада психологиялық бейімделуіне, оның әрі қарай тексерілуі мен емделуге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға мол жәрдем береді. Егер операция жасауға шешім қабылдағанда науқас адамның жүйкесіне ауыр жүк түсіретін мәселені шешуге, оның бойындағы эмоциялық кернеуді сейілтуге психолог маманның көмегі ауадай қажет.
Стационарлық емдеу кезеңінде психологтың негізгі рөлі психоанықтау және психотүзету (коррекциялау) жұмыстарында көрінеді. Ол емдеуші дәрігермен бірлескен жеке және топтық психотерапия түрінде өтеді.
Катамнестикалық кезеңде сырқат адамдарды оңалту (реабилитациялау) психолог үшін өзін көрсетер кең алаң. Оған көптеген әлеуметтік-психологиялық сауалдарды шешуге тура келеді. Бұл ауру адамның өмір салтын өзгерту, қалыпты отбасылық қарым-қатынасты қалпына келтіру, науқастың еңбек ету әрекетін жалғастыру немесе алмастыру, мүгедектікке өту-бұл сауалдарды ауру адам психолог көмегімен тез және жеңіл шеше алады.
Айтылғандарды тұжырымдай келе облыста қоғамдық денсаулық сақтау сала басшыларының осы тұрғыда нормативтік құжаттарға сүйене отырып, өз мекемелерінде медициналық психолог маманына орын тауып береді деген үміттің бар екендігін жасыра алмаймын.
Медицина саласына кім
көрінгеннің келуі науқас пен
дәрігер арасындағы қарым-
қатынастың дұрыс болмауына,
халықтың дәрігерге деген
көзқарасының өзгеруіне әкеліп соқты. Сондықтан ақылы оқу орнына тапсыратын балалардың өзі таңдаған мамандығына қаншалықты бейімдігіне қарай өте жоғары деңгейдегі іріктеуден өтуі керек. Осы орайда барлық адам өз мамандығын адаспай табуы үшін алдын ала арнайы тестерден өтсе, дұрыс болар еді. Біздің елімізде кейбір мамандықтар бойынша ғана жастар шығармашылық байқаудан өтеді. медициналық қызметкерлерде де, пациенттерде де этика-құқықтық қарым-қатынас мәселесі, заңдық-нормативтік акт және өзара қарым қатынасты реттейтін басқа да құжаттар туралы мәліметтің жеткіліксіздігі, білімнің толық еместігі сияқты мәселелер де орын алуда .
Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау саласында этика-құқықтық нормалары ескерілген, медициналық қызметкерлер мен пациенттердің өзара қарым қатынасын зерттеу актуальды тапсырма болып саналады .
Мейірбике мен пациенттің этика-құқықтық нормалармен қамтылған өзара қарым-қатынасын зерттеу және оларды толық жетілдіре отырып, мейірбике мен өзара іс-әрекетінің жақсарту жолдарын әзірлеу, нұсқауларды өңдеу біздің негізгі тапсырмамыз болып отыр.
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.