ЖҚТБ аурулары бар науқастармен қарым-қатынас АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы. АҚТҚ басқа вирустар сияқты өте ұсақ микроорганизмдер, оларды кәдімгі микроскоп арқылы көру мүмкін емес. Вирустар көптеген жұқпалы ауруларды қоздырады: тұмау, герпестен бастап қатерлі ісіктің кейбір түрлері.
Адамға АҚТҚ жұққан жағдайда, вирус иммунды жүйені терең зақымдап, оның қорғаныш қабілетін төмендетеді. АҚТҚ жұқпасы бірнеше кезеңнен тұрады.
ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы болып табылатын, жүре пайда болған қорғаныш тапшылық белгісі.
ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН – тұқым қуаламайды, яғни адамнан адамға өмір сүру барсында немесе анасынан баласына жұғады.
ҚОРҒАНЫШ (ИММУННИТЕТ) – адам ағзасының әр-түрлі патогенді микроорганизмдерден қорғанысын қамтамасыз ететін бір маңызды жүйесі.
ТАПШЫЛЫҚ (ДЕФИЦИТ) – иммунды жүйе тарапынан патогенді микроорганизмдерге қарсы жауаптың әлсіреуі немесе болмауы.
БЕЛГІСІ (СИНДРОМ) – белгілі бір ауру немесе жағдайды көрсететін белгілер мен симптомдар жиынтығы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) терминологиясына сәйкес, ЖҚТБ – ағзаның жұқпалы және қатерлі ісік ауруларына қарсы тұруына кедергі жасайтын вирусты ауру. ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды АҚТҚ-жұқпасы емес, дәл осы оппортунистік аурулар летальдік жағдайға алып келеді. ЖҚТБ жиі орталық жүйке жүйесі зақымдалады, ол өз кезегінде психикалық және неврологиялық ауруларға алып келеді.
АҚТҚ-вирусы – бұл жай вирус емес, өйткені жұқтырған адамда бірнеше жыл бойы ешқандай белгі болмай, сау сияқты жүре береді. Бірақ вирус ағзада біртіндеп көбейе береді, сол арқылы иммунды жүйенің бір бөлігі – ақ қан түйіршіктерін зақымдайды. Адам ЖҚТБ-ны жұқтырғанымен, бірден симптомдары көрінбейді және осы қалыпта 10 шақты жыл жүре беруі мүмкін.
ЖҚТБ-да арнайы белгілері жоқ, сондықтан сыртқы келбетінен ондай адамдарды айыру мүмкін емес. АҚТҚ-жұқпасын тек зертханалық зерттеу жолымен анықтайды.
Осыдан шығатыны:
ешқандай күдіксіз АҚТҚ-жұқпасымен жүре беруге болады;
АҚТҚ-жұқпасы туралы білмей, басқа адамдарға жұқтыруға болады.
Қазіргі таңда АҚТҚ вирусын жоятын ешқандай дәрі жоқ, бірақ ЖҚТБ-ның дамуын баяулататын дәрі- дәрмектер бар.
Жұғудың алдын- алатын вакцина да жоқ.
Сонымен, АҚТҚ және ЖҚТБ бір ұғым емес. АҚТҚ – бұл иммунды жүйені зақымдайтын вирус, ал ЖҚТБ – АҚТҚ-жұқпасы бар адамда төмен иммунитет фонында дамитын аурулар тобы.