АҚТҚ қандай жолдармен берілмейді
АҚТҚ вирусы қоршаған ортада өте тұрақсыз келеді және ағзадан тыс жерде тез жойылып кетеді, сондықтан вирустар ауа арқылы, топырақ, айналадағы заттар арқылы берілмейді. Адамдар жай тұрмыстық қатынастар кезінде жұғып кетуден қатты қорқады. Бірақ бұлай істеудің қажеті жоқ.
АҚТҚ жұқпайтыны:
қол беріп амандасу кезінде;
сүйісу кезінде, құшақтасқанда;
бір кітапты, қаламсапты, басқа да тұрмыстық заттарды бірге қолданған кезде;
бір дәретханаға, бассейнге барған кезде, себебі вирус сілекей, зәр арқылы жұқпайды;
бір көлікті қолданған кезде;
маса, кене және басқа да жәндіктер шаққан кезде;
жөтелу немесе түшкіру кезінде.
Құрамында АҚТҚ вирусы бар, бірақ жұғуға керекті мөлшерде болмайтын ағза сұйықтықтары: сілекей, жас, тер, зәр.
Достарыңызбен бөлісу: |