Қолдау- дәрігер мен емделуші арасындағы қарым қатынастың негізгі шарттарының бірі.Бұл жағдайда қолдау дәрігердің емделушіге пайдалы болуға ниеттенуі.
Түсіну - бұл сенімділікті бекітетін негіз болып табылады.Түсінушілікті вербальді емес жолмен де іске асады:қараумен,баспен изеумен жіәне т.б.
Жан ашу- дәрігер өзін науқастың орнына қоя білу керек.
Дәрігер - науқас арақатынасының екі түрі белгілі: императивті және диалог.
Императивті қатынас- бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекетжасау. Қарым-қатынастың бұл түрініңмақсаты - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгіерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсатыжасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап. Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтеншежәне жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы,сырттай бағынышты жағдайды жәнеталанты орындату- адамның ішкі ойы мен сенімінен,оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емесболады.