«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет241/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Тәртіптілік пен жинақылық.Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.
Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді.
Дербестілік.Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре
бермейді. Ол өзінше ойлайтын, ӛздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың
айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын
көзбен қарап, өз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша
сипаты.
Шыдамдылық.Адам өзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың
көптігіне, не болмаса өзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан
алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып
қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық
көрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет