VІІІ - дәріс.
Эмоциялық үрдістер мен жағдай.
Жоспар:
Эмоция психикалық жағдай ретінде.
Жмоциялық жағдайлар жіктемесі.
Эмоция теориясы.
Эмоция мен сезімнің функционалдық айырмашылықтары.
Эмоция және мінез-құлық.
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т. б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің өрқайсысы сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бүлар бізге айналамызды өр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені үнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нөтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген үнамды және үнамсыз сезімдерді туғызып жек шілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-өлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмүнын қоғамдық бол мыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дүрыс айыра білмеушілік, бүл екеуінің мәнін бірдей деп үғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы қүбылыс, бүл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін — қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар оз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы} жөне пассив (солгын) болып бөлінуінен көрінеді. күш беріп, өрекетке үмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалык,и > ал бүлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық82 деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достык, айбаттылық т. б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. б. ссзімдер жатады. Бүл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мөселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы түрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің ушінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бүл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттерДІҢ емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мөреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жүмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мүны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі үдайы қинала беретін болса, оның діңкесі қүрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс83 деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің кушті тітіркендіргіштермен айқасқа тусуін куш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін ге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мүндай қолайсыз эсер жүйке жүйесінің жүмысына да, дене күшіне де нүқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-күлқы мен білім келеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.
Сезімнің қораш, солгын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жагымды не унамды эмоцйялар деп аталады. Бүлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б.- осындай эмоциялардың енді бір тобы жагымсыз не унамсыз эмоциялар делінеді. Бүлар — белсенді әрекетке азды-көпті нүқсан келтіретін қораш сезімдер. Мүндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және курделі эмоциялар болып та бөлінеді. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекше л ік: оларда сан алуан мәнерлі қозгалыстардың болып отыратындыгы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жүдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін өзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейін деп түрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауга болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердін алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мүндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып табылады. Мүндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бүған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын түрады. Адамдардың сана-сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байкалатын мөнерлі қозғалыстарды алайык-Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры — үрейі ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр тұрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.
VІІІ - дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |