Сұхбаттасудың функциялары.
1.Диагностикалық
2.Терапевтік
Олар бірге , параллелді түрде жүзеге асу керек,себебі тек үйлесу жағдайында, ғана медициналық мақсатына жетеді.Көбінесе науқас өзінің шағымдарын,мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта алмайды.Сондықтан, науқастың айткан мәселелерін джәрігердің тыңдай білуі-сұхбаттың бір кезеңі болып табылады. Сұхбаттың принцптеріне келесілер жатады.
-Қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл,ашық,сәйкес және түсінікті болуы.
-бірізділік және адекватты, біркелкі болуы.
-алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.
Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және тиісті,науқастарға түсінікті,арнайы терминсіз болуы керек.Олар аурудың тілі мен мәдениетіне ,біліміне сәйкес келуі қажет.Сондықтан науқастың әлеуметтік статусы,білім дәрежесі,мәдениеті мен сөйлесу мәнері анықталады.
Интервьюдің бірізділігі дегеніміз,алдымен науқастың шағымдарына негізделіп,дерттің белгілерін құрастырып,онан соң бұзылыстарды және олардың себептерін анықтау.Ол үшін медициналық дерттің белгілерін,психологиялық әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек.Әр ауруда көптеген клиникалық белгілер болуына байланысты,олардың барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық қызметкердің білгірлігінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді,науқасты жалықтырып,шаршатады.
Медицина қызметкерінің келесі сауалдары аурудың әрекеттесу түрін бағалауға , бұзылыс дәрежесі мен себептерін анықтауға бағытталады.Бірізділік принципі бойынша науқасты ұқыпты түрде сұрастырып,аурудың белгілерінің даму ретін,оларға байланысты себептерін анықтау керек. Мұнда,аурудың баяндауын тәптіштеп,егжей-тегжейіне дейін толыө тыңдап қадағалау,оқиғалардың соңғы нәтижесі ,науқастың ойлары және олардың талқылауы маңызды роль атқарады.
Құштарлықсыз принцпі дегеніміз медициналық қызметкер науқасты өз пікіріне итермелеуі.Бұл ұстаным медициналық қызметкердің науқасқа ауруы туралы өз пікірін айтып, иландыруы ,сендіруі,яғни сұхбаттасуы бір жақты жүргізілгенін білдіреді.Яғни ,медициналық қызметкер анықтаған бұзылыстар туралы науқас адамды өз ойына жетелеуі,итермелеуі.
Мәліметтің тексеру мүмкіншілігі және адекватты болуы дегеніміз-интервью барысында жинастырылған науқастың берілген жауаптарының дұрыстығын тексеріп,тиісті талқылау жүргізу.Интервьюдің әдістемелік негіздеріне жататындары;
-алғашқы қатынастың ұзақтығы 50 минут шамасынан аспауы;
-кейінгі қатынастар мерзімі бұдан қысқа болуы мүмкін;
-Вербальді және вербальді емес тәсілдерді кеңінен қолдану;
Достарыңызбен бөлісу: |