2.Науқастармен жұмыс жасауда қазіргі заманғы медицина неліктен психологиялық және әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлетін болған? Кейінгі 10 жылдықта медицина мамандары аурулардың көптеген этиологиялық факторлар негізінде пайда болатынын түсіне бастады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың алуы мүмкін орны мен рөліне деген ерекше қызығушылық туа бастады.
Бұл жаңа көзқарас, практикалық медицинаның науқас мәселесіне кеңінен қарауына мүмкіндік береді: науқас тек зақымдалған немесе ауруға ұшыраған дене мүшені тасушы, оның иесі ғана емес, ол тұтас ағза, сондықтан оны тұтастай адам ретінде емдеу қажет. Қазіргі заманғы медицина психо-әлеуметтік жағдайды ескерусіз қалдырып, соматикалық сфераға көп көңіл бөледі, ал аурудың медициналық моделі, көбіне патологияның әлеуметтік себебін тысқары қалдырады.
Әлеуметтік-психологиялық бағыттың теориялық мазмұны заманауи медицинаның патоцентрикалық парадигмасының орнын басып келе жатқан, саноцентрикалық парадигмасына біршама сәйкес келеді. Медициналық білім беру бойынша Бүкіләлемдік федерацияның Эдинбург декларациясына сәйкес «ауру – бұл индивидуум мен әлеуметтік құрылым арасындағы қарым-қатынастың дұрыс дамуының салдары болып табылады».