«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Тұлғааралық конфликтердің ерекшелігі мынада



бет82/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Тұлғааралық конфликтердің ерекшелігі мынада:
Адамдардың қарама-қарсылығы, олардың жеке мотивтердің соқтығысуынан болады. Белгілі барлық себептер спектрі көрінеді: жалпы және жеке, объективті және субъективті. Тұлғааралық конфликт мінезді, темпераментті, интелектті және де басқа да индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін тексеретін өзіндік полигон болып табылады. Конфликтке түскен субъектілердің барлық қатынастары және жоғары эмоционалдылығымен ерекшеленеді.Қоршағандардың қызығушылығын қамтиды. Конфликт тұлғалық және топтық қызығушылықтар негізінде туады. Оның туу себебі, топтың ойына қарсы шыққан жеке тұлға болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда өндірістік жағдайлардың конфликтісі-әлеуметтік факторлардан туындайтыны белгілі болды.
Конфликтінің түрлері.
1. Ашық және жабық конфликт
2. Мотивациялық конфликт
3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті
4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт
5. Статустық конфликт
6. Жеке және топтық конфликтілер
7. Таңдау конфликтісі
8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті
9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті
10. Қажеттілік конфликтісі
11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі.
Конфликті шешудегі формалар мен критерилер, қорытындылар: Конфликтологияда конфликті аяқтаудағы деңгейді конфликті шешу термині мен атау дәстүрлі болды. Алайда көптеген авторлар басқада түсініктерді енгізген. Мысалы: "өшу" (В.Бойко, А.Ковалев), "жеңу" (Н.Феденко, В.Галицкий), "айқасу" (А.Каменев), "өшіру" (А.Рапопорт), "өзіндік шешім" (А.Анцупов), "алыптастау" (Р.Аккоф, Ф.Эмери), "ретке салу" "(А.Гозман) "және т.б.
Берілген түсініктерден ең кең тараған түрі конфликтің шешілуін неше түрлі жолдармен шешу. Конфликті шешудің негізгі формалары: шешу, өшу, шектеу, басқа конфликтіге ауытқу.
Конфликттің шешілуі-бұл бірге жүретін әрекет, қақтығысқа әкелген мәселелердің аяқталуын тездету. Конфликттің шешілуі екі жақтың да белсенділігін талап етеді, олар кнфликтің себебін жоюға тырысу керек. Конфликтіні шешу үшін, оппонент өзгеруі керек немесе біреуі өз ойын өзгертіп, өз позициясынан түсуі керек. Конфликт, жиі екі адамның бір-біріне деген суық қарым-қатынасынан пайда болады.
Конфликті бақылау, ол конфликтті шешуден ерекшеленеді, ол екі жақтан басқа үшінші жақта өз қызметін көрсетеді. Оның әрекеті екі жақты жақтауы немесе бір оппонентті ғана қолдау болып табылады. Басшы мен оның жұмысшылары арасындағы конфликттің 62% шешіледі. Ал 38% бұл конфликттер шешілмей, кейде өршіп кетеді. 6% конфликт өшеді, 15% басқа мәселеге ауысып, өршей түседі, 17% ұйымдастырушылық жолмен түседі
Конфликттің өшуі-бұл уақытша конфликттің тоқтатылуы. Конфликт бұл жерде"ашық" формадан "жабық" формаға ауысады. Конфликттің өшуі мынадай жағдайларда болады. күрестегі мотивацияның жоғалуы (конфликт объектісі өз актуалдығын жоғалтады) мотивтің басқа керек жұмысқа бірден ауысуы. ресурстардың әлсіреп, күреске күштің қалмауы. Конфликтті шектеудегі негізгі түсінік конфликттің негізгі элементтері ликвидацияланады (шектен тыс қалады). Шектеудің құрылымсыздығына байланысты көптеген жағдайлар бар. Олар конфликтке үлкен ықпал етеді. Конфликтті шектеу келесі тәсілдерге байланысты:
конфликт тудырған адамның біреуін басқа жұмысқа ауыстыру.
ір оппонентті ұзақ уақыттың демалысқа жіберу (командировкаға біреуін немесе екі жақтыда жіберу)
конфликтті тудырған объектіні алып алу (балалар ұрысып қалған ойыншықты анасы алып алады).
Конфликтті шешу критериінің сұрағы өте маңызды. М.Дойча американ конфликтологының ойынша конфликтінің шешімімен қорытындысы мен қанағаттануы. Ал В.М.Афонькова келесі критерилерді анықтады: байланыстың, әрекеттің тоқтатылуы, травмалық факторларды шектеу, бір конфликтіге түскен жақтың беделі, индивидтің позициясын өзгерту, болашақта индивидтің белсенділігін, әрекетін арттыру.
Конфликттің құрылымдық шешілуінің критериі: қарама-қайшылықтардың шешілу деңгейі болып табылады. Қайшылықтардың толық шешілуі болашақтағы қатынастардың жақсы болуына мүмкіндік береді. Айта кететінтағы бір жайт әрқашанда оң жақ жеңіске жетуі тиіс. Ақиқатты жақтау, әділдік жеңісі ұйымдастырудың әлеуметтік психологиялық климатына жақсы әсер етеді. Дұрыс емес жақтың да өзіндік қызығушылығы барын ұмытпау керек. Егерде оларды басып, ашу келтірсек жаңа конфликттің тууына алып келеді.
Конфликтінің алдын-алу Адамдармен қарым-қатынас барысында жанжалдан қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың ішіндегілер: 1. Егер адамды өзіңнің жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау қабілеті мен дарындылығына ешқашан күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі деген сенімін нығайту керек. 3. Адамдармен сөйлесу барысында қарама-қарсы пікірлеріңіз болған жағдайда, сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де, барлық қарсы сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы көңіл-күйін сіздің қарсы сұрақтарыңыз бұзып, конфликт туындауы мүмкін. 4. Адамды сендіруге ұмтыла отырып, оған өз пікірін айтуға мүмкіндік беру керек. Әрине, бұл үлкен шыдамдылықты талап етеді, бірақ өте эффективті. Бұл ережелер сәтті болу үшін, ол принципке айналуы керек. Кейде манипулятор-адамдар кездеседі. Олар саналы түрде манипуляцияны өз пайдасы үшін қолданды.
ХVІІI - дәріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет