«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет112/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

IIІ - дәріс.
Психологиялық сана тұжырымдамасы. Сана-сезім
Жоспары:
1.Психиканың объективті ақиқатты бейнелеу ретіндегі жалпы түсінігі
2.Психология тарихындағы психиканың критерилерін зерттеу
3.Психика болуының субъективті және объективті критерийлері
4.Сезгіштіктің психиканың қарапайым формасы ретіндегі түсінігі
5.Адам психикасының қоғамдық-тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі.Қоғамдық өндіріс адам тіршілігінің тәсілі ретінде.
6.Психиканының даму кезеңдері
7.Туа біткен және жеке дара өзгермелі мінез-құлық
8.Жануардағы инстинк, үйрену және интеллект ұғымдары.
9. Жануарлардың іс-әрекеті және оның эвоюция барысында күрделенуі жөніндегі түсінік. 10.Жануарлардың іс-әрекетінің құрылымы мен заттық мазмұны арасындағы өзара қатынас. 11.Жануарлардағы бейнелеу формалары
12.Жануарлардағы мінез-құлықтың топтық формалары мен коммуникация үрдістері.
13.Сананың пайда болуы мен дамуы
14.Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде
15.Сананың әлеуметтік мәні. Философия мен психологиядағы сана мәселелері
16.Сананың түрлері, типтері және формалары. Қоғамдық және жеке дара сана.
Психика - бұл субъектінің объективті әлемді белсенді бейнелеуінде қорытылатын, бұл дүниенің ажыратылмайтын картинасын құрып және осы негізде әрекет-қылық пен іс-әрекетін реттейтін жоғары ұйымдастырылған тірі материя қасиеті.
1. Психика- бұл тек тірі материя қасиеті. Әдетте қарапайым тірі материя емес, жоғары ұйымдастырылған материя. Мұнан кез-келген тірі материя бұл қасиетке ие емес, тек ғана, психиканың бар болуына себепші болатын арнайы мүшелеріне ғана тән.
2. Психиканың негізгі ерекшелігі объективті дүниені бейнелей алу қабілетінде қорытылады. Яғни, психикасы бар жоғары ұйымдастырылған материя қоршаған дүние туралы мәліметтерді алуға қабілетті.
3. Тіршілік иесінің қоршаған дүние жөнінде алған мәліметтері тірі ағзаның ішкі ортасын реттеуі және оның әрекетқылығы қалыптасуының негізі болып табылады.
Тітіркену- бұл тірі ағзаның мәжбүрлі белсенділігінде көрінеді. Тітіркенудің алғашқы формалары өсімдіктерде де табылады, олар «тропизм»- мәжбүрлі қозғалыс деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет