«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет287/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

фрустрация делінеді. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергілері кезіккенде туындайды. Фрустрациялық жағдайдың белгілері-мақсатқа ерісудің кедергі бары да көрініп тұр. Адам мұндайда фрустрациияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе алуы мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келіп, фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындағы әрекетінің берекетсіздікке ұшырауына себепші болады. Мақсатты әрекет бұзылысының келесі түрлері (Ф.Е.Василюк) белгілі а) қозғалысты қозу – мәнсіз қимыл әрекеттер; б) түңіліс; в) ашуға беріліп, әрекеттен қалу; г) сереотипия – үйреншікті әрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия – өмірдің алғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге еліктей, ойсыз қимылдау (қазақта “балалығына түсті”).
Психологияның өзекті мәселелерінің бірі мотивацияны іс-әрекет мәселесі және мотивтердің шығу тегін Х.Хеккаузен “Мотивация және іс-әрекет” жұмысында қарастырған. Мотивация – бұл тұлғалық және іс-әрекеттік жүйелердің бірігуі негізінен пайда болған психологиялық ерекшелік.
Адам іс-әрекеті мотивациясының ең маңызды мәселелерінің бірі- оның қылықтарын себепті тұрғыдан түсіндіру. Психологияда осындай түсіндіру каузальды атрибуция деп аталады.
Каузальды атрибуция адамның мінез-құлқы туралы қабылданған ақпаратты мағыналауға, қылықтарының себебін анықтауға, адамның оларды алдын ала болжау қабілетін дамытуға бағытталған когнитивті түрдегі мотивацияланған мінез-құлық болып табылады. Бір адам басқа біреудің істеген қылығының себебін біліп жатса, оны түсіндірмек түгілі болжай да алады. Бұл адамдар арасындағы қатынастар мен әрекеттер үшін өте маңызды.
Бұған қоса каузальды атрибуция адамның көріп жүрген құбылыстарын түсіндіруге деген қажеттілігі ретінде болып келеді. Каузальды атрибуция адам қатынастарын реттеумен тікелей байланысты болып, адамдардың қылықтарын түсіндіру, ақтау және кінәлау сияқты әрекеттерді біріктіреді.
Каузальды атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердің 1958 жылы шыққан “Жеке адамның аралық қатынастар психологиясы” деген еңбегінен бастау алған. Осы кітаппен бірге баспада адам туралы ақпаратты көрсету арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған. Білімнің осы саласында Г.Келлидің жеке адамдық құрылымына адамның әлемді қабылдауға мүмкіндік беретін ұғымдар жүйесі болып табылатын тұрақты когнитивті-бағдарлама құрылымдар теориясы жөніндегі жұмыстары үлес қосты. Жеке адамдық құрылым деп айтатынымыз – бір адамның басқа бір адамға немесе айналасында болып жатқан жағдайларға беретін мінездемелерінде жиі кездесетін қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым (мысалы, “ақ-қара, “жақсы-жаман”).Бір адамға сай жеке адамдық құрылымдары арқылы оның әлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелуге болады. Мұндай құрылымдар адамның мінез-құлқын болжау , оны мотивациялық-когнитивтік тұрғыдан түсіндіру (каузальды атрибуция) қызметін тақарады.
Мотивацияның Ресейлік теоияларында іс-әрекет пен жеке адам бірлігі принципі негізінде мотивтердің келесі қызметтері бөлініп сипатталған:

  1. Мағына құрушы қызметі. Бұл қызметті ең алғаш барлық іс-әрекеттің анықтаушы негізгі функциясы ретінде А.Н.Леонтьев қарастырған.

  2. “Мен – әрекет” арасындағы мағыналық байланыстарды реттеуші қызметі (Рубинштейн С.Л., Шороховыа Е.В., Асеев В.Г.).

  3. Мотивация әсерінің белсенділігін сипаттайтын қызметі (Божович Л.И., Рубинштейн С.Л., Леонтьев А.Н.).

  4. Селективті қызметі. Бір ғана әрекет кем дегенде 2 мотив арқылы себептеніп, мотивтердің біреуінің әрекеті, екіншісінің жетістігіне кедергі жасау мүмкіндігі.

  5. Энергетикалық қызмет. Интенсивтілігін, орындау үшін жіберілген іс-әрекет субъектісінің энергиясының санымен шарттануын сипаттайды. (Гальперин П.Я., Шорохова Е.В., Асеев В.Г.).

  6. Мақсат құрушы қызметі. Қажеттілікті мотивациялық сферадағы иерархия, мотивацияның мәнділігі мен мазмұны, мақсаттың ерікті қалыптасуының құрылымын анықтаушы фактор ретінде шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет