Ұстаныммәселесі, ұстаным теориясының біздің елімізде негізінен грузин психологы Д.Н.Узнадзе және оның әріптестері негізін салған болатын.
Ұстаным дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға белгілі дәрежеде даярлықты айтады.
Ұстаным – бұл белгілі бір іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.
Д.Н.Узнадзе зерттеуі бойынша ұстаным орталық жүйке жүйесінде пайда болады және оның перифериялық бөлімінің қызметінің жемісі болып есептелмейді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының мұғаліміне ұстанымын жатқызуға болады: ұстаным мұғалімнің кез-келген тапсырмасын мүлтіксіз орындау даярлығы түрінде аңғарылады. Қоғамдық өмірдің әртүрлі деректері бойынша ұстанымдар (оқиғаларға, адамдарға және т.б.) жағымды болуы да (ауру дәрігердің барлық айтқандарын дәл орындауы, оны емдеген доктордың ұстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мүмкін.
Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тіпті де байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы ірнетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады. Мақсат