«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Тұлғаның бағыттылығы құрылымындағы түрткі (мотив) және мотивация



бет282/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Тұлғаның бағыттылығы құрылымындағы түрткі (мотив) және мотивация.
Жеке тұлғаның негізгі сипаты, адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адам бағыт-бағдарыдеп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе талаптар. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады. Белсенділік – жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағатандыруға бағытталады. Адам қажеттілігі әр түрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын уйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сиапты туралы айтып отырмыз.
Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады.Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үн қағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.
Адам қажеттілігі – адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.
Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді.
Қажеттілік – бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік – жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі. Қажеттілік жалпы түрде байқалады.
Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.
Түрткілер – қажеттіліктің нақты көрінуі.
Түрткілер (мотивтер) – бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.
Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсінуі қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетінің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.
Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.
Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу – бұл адамның белгілі бір затқа , құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терң білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.
Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады.
Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу). Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағымсыз бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет