«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет125/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Мнемокестемен жұмыс істеу реті
Символдар элементтерін енгізу (формалар, шамалар, әрекеттер).
Сабақтың барлық түрлерінде, әр түрлі қызмет түрлерінде тірек сұлбаларын пайдалану (баланың үйренуін, символдың әмбебап екенін түсіну үшін).
Терістеу енгізу.
Символдардың үйлесімі, олардың тізбегін оқу.
Схемаларды, кестелерді, модельдерді пайдалану балаларға түрлі қиындықтарды жеңуге көмектеседі: затты қараған кезде оның басты қасиеттері мен белгілерін өз бетінше анықтауға, анықталған белгілерді баяндаудың дәйектілігін анықтауға, сипаттаманың жоспар — әңгімесі болып табылатын осы тізбекті есте сақтауға.
Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы,садаққа —соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табыладыМнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегенімліз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.
Мектепкі дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.
Әсіресе 6-7 жастағы балалардың тілдің дамуында ерекше маңызы бар. Балаларда танымдық белсенділік арттылады.
Баланың тілін дамыту үшін 6-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, aлогоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс ай тылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы.
Ересек топтан бастап балаларда қоршаған әлем туралы түсініктер бар болғанда, таңбалы рәміздерді құрастыруға өздеріне жасауға болады. Бала өзі таңба жасайды, одан кейін мұғалім сәйкес келетін рәмізді таңдап алады.
Заттардың белгілері мен күйін (көңілді, ызалы, аянышты, т.б), іс - әрекетті білдіретін таңбалы рәміздерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен ойнау және эмоциялы-ымдық деңгейде әрекетті көрсету қажет.
Әңгіме, өлең, логоритмикалық жаттаулар жаттағанда әрбір дыбысталатын сөзді алмастыруға болады.
Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ ( мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн.
Өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттауда ондағы бірнеше рет қайталанып келетін сөз тіркестерін сөздерді рәміздермен алмастырудың қажеті жоқ.Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар 5-7 сөйлем құрастыру қажет.
Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді.
Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді.
Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.
Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі:
аударма жұмысын өткізу;
мұғалімнің сұрақтары;
суреттер қарау;
азақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату;
сызбалар арқылы жаттау;
Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады:
бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу;
фонетикалық жаттығу орындау;
әсіресе мәнерлеп оқуға талап ететін сөзді, жолды балаларға қайталату.
Алгоритмикалық жаттығулар танымдық процестердің, есте сақтау, зейін, қозғалыс дағдылардың, дыбыстардың айтылуының, сөйлеу функционалды жүйесінің және барлық сөйлеу құрамының дамуына бағытталған. Ұсынған жаттығулар сипаттау сызбалар арқылы жатталады, содан кейін мұғаліммен бірге айтылады және әр түрлі қимылмен көрсетіледі. Логоритмикалық жаттығуларды орындағанда,балалар мұғаліммен бірге ортада тұрған жөн, сонда балаларға мұғалімді көруге, қозғалуға және сөйлеу материалын орындауға мүмкіндік бар.
Алгоритмикалық жаттығуларды өткізуде балалар спецификалық дыбыстардың дұрыс айтуын жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды, сонымен қатар ымның, қозғалыстың дағдылары, жалпы және ұсақ моториканың нақтылығы мен үйлестіруі дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет