«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет14/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді. Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Естің (жадының) негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — ес түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсенді және енжар елестету болып сараланады. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың патологиялықбұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі. Елестету дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-қалаудағы болашақ бейнелерді жасауға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажетті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қалдырылған қарекеттің ынталандырушы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі — сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестету сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрылымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты. Егер жасөспірім жеткіншекте нақты әлеуметтік маңызы бар қарекетке жүзеге асатын шығармашылық елестету құрғақ қиялдардан басым болса, тұлғаның неғұрлым жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Баланың елестетуі оның қарекетінің әр алуан түрлерінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалық кезең бойынша баланың елестетуі сыртқы тіректі (ең алдымен, ойыншықты) керексінетін қарекеттен өз алдына ішкі қарекетке біртіндеп ауысады да қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шығару) және бейнелеу (сурет) шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елестету сөйлеуді меңгерумен байланысты. Демек, үлкендермен қарым-қатынас процесінде дамиды. Сөйлесу балаларға өз тәжірибесінде ешқашан болмаған заттарды елестетуіне мүмкіндік береді. Баланың сөйлесуіндегі кінәраттар, кешеуілдеу елестетуінің дамуына әсер етіп, оны азайтады. Мектепке дейінгі жаста елестету қоғамдық тәжірибені меңгерудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ересек адамның елестету арқылы айналадағы дүниені игеруіне себептеседі. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру олардың оқу әрекетіне дайындалуының негізгі шарты екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды; қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді; адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ... Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет