4.Зейіннің қасиеттері. 1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.
2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді.
3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында.
4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы.
5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын көрсетеді.
Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз - сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И.П.Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі "Бұл не?" деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіргендіргіштерге тікелей байланыстығы айқын көрінеді. Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіргендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты. Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабығының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді. Мәселен, "Балалар, дұрыстап отырыңдар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!" деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады Әйгілі физиолог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 жж.) ми қызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте түседі.
Доминант принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйенің тарихының жоқтығы.
Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде қарастырды.
Соның нәтижесінде доминанта жүйесін қарастырушы фактор ретінде А.А.Ухтомскийге көптеген күрделі сұрақтарды: мидың интеграциясын және тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани өмірінде, жалпы адамзатты тұтастай - психология және социология деңгейінде шешуге көмектесті. Осы айтылғандар А. А. Ухтомскийдің жекелік сапасында өзінің зерттеулері мен қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын дәлелдейді.
А. А. Ухтомский доминантаның психологиясы мен физиологиясының ара қатынасын төмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады
Қазіргі кезеңде А. А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И. П. Павловтың шартты рефлексін теориялық-экспериментальдық жоспармен жақындатып зерттеуші А. С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аудара: дәл жетекші мотивация (өз бетінше емес соңгы пайдалы нәтиже) деді, ал П. К. Анохиннің пікірі бойынша, доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.
V - дәріс.