ХХХV - практикалық сабақ Медициналық ұжымдардағы әлеуметтік жүйемен коммуникациялық байланыстар "Медицина қызметкері – пациент” өзара әрекетінде жатқан қарым-қатынастың жалпы ережелері мен терең психологиялық механизмдерін ажырата білген жөн.
Коммуникативтік қарым-қатынас – бұл ақпарат алмасу (мысал, хәл, өзін сезінуі туралы);
интербелсенді қарым-қатынас – тек сөзбен ғана емес, сондай-ақ әрекеттермен де алмасу (мысалы, мейірбикенің манипуляцияны орындауындағы немесе пациенттің өтінішін орындағандағы);
перцептивтік қарым-қатынас – адамдардың бір-бірін қабылдауы, сенімге қол жету. Қарым-қатынастың бұл түрі біртіндеп қалыптасады және оңтайланады.
Оған қоса қарым-қатынастың басқа да жіктелуі бар. Төменде келтірілгендер зиянды өзара әрекетке көбірек келгенімен медицинада жиі ұшырасады.
А. "Бетперделердің контакты” – шынайы эмоцияларды жасырумен бірге және азырақ қызығушылықпен бірге болатын сыпайлық, әдептілік (адамды кәсіби алдын ала тексеруде кең тараған).
Б. Қарапайым қарым-қатынас – пациентті шулайтын немесе бөгет болатын адам ретінде бағалау.
В. Формалды-рөлдік қарым-қатынас – пациенттің тұлғасын танып білу оның әлеуметтік рөліне қызығушылықпен алмастырылады.
Г. Іскерлік қарым-қатынас - серіктестік стилінің орнына авторитарлық стилін орнату.
Д. Диагностикалық және емдік өзара әрекет жоқ рухани тұлғааралық өзара әрекет.
Е. Пайда көру немесе марапат алу мақсатындағы манипулятивтік қарым-қатынас. Манипулятивтік қарым-қатынаста пациенттегі аурудың ауырлығы жалған түрде артуы мүмкін; әр түрлі тәсілдермен (дәріханамен контакт жасау арқылы) қымбат, сынақтан өтпеген дәрі-дәрмектердің ұсынылуы ықтимал; бағасы қымбат және қажеті жоқ процедуралар. Соңғы кезде өкінішке орай бұл кең тараған.
Медициналық қызметкер үшін пациенттің туыстарымен жұмысты дұрыс ұйымдастыру ептілігі зор мән иеленеді. Ең бастысы – науқастың өзіне туыстарынан берілетін байбайламды, аласұруды жою. Медициналық ұжымда өзара қарым-қатынас болады. Өзар қатынас – бұл бір тұлғаны басқасына өзара позициясы, тұлғалық қауымдастық бойынша позициясы. Өзарақатынаста әрқашан "кері байланыс” орын алады. Өзарқатынас қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Іскерлік (қызметтік) өзара қатынас қызметтік, кәсіптік міндеттерді орындау кезінде құрылады, ресми құжатпен, нұсқаулықпен, жарғымен, бұйрықпен реттеледі (дәрігер-мейірбике-кіші медқызметкер). Ресми құжатпен олардың әрқасысының міндеттері айқындалады.
Сол немесе басқа қызметті иеленген тұлға белгілі бір жұмысты орындауы, сондай-ақ қызметтік міндеттерден туындайтын іскерлік контакттарды ұстануы тиіс. Іскерлік тәуелділіктің бірнеше түрі болады.
1) іскерлік теңбе-тең қатынас. Бұл жағдайда ұжымның екі немесе бірнеше мүшесі, бірдей құқық пен міндет иеленіп, бірдей қызметтерді атқарады (екі мейірбике, екі дәрігер және с.с.);
2) іскерлік бағыныштылық қатынас. Медицинада: субординация принципі - өзара түсіністікке, өзара құрметтеуге, өзара көмекке, өзара жәрдемге, психологиялық түсіністікке негізделген қызмет бойынша төменнің жоғарырақ тұлғаға қызметтік бағыныштылығы (мейірбике-дәрігер, кіші медицина қызметкері -мейірбике). Бұл медициналық ұжымдағы жұмыстың өзегі болып табылады.
Емдеу мекемесінде даулар, жанжалдар кездесіп тұрады. Олардың (барлық даулар сияқты) объективті және субъективті болуы мүмкін. Объективті даулардың емдеу мекемесіндегі реалды (анық) қанағаттанарлықсыз жағдайларға байланысты болып келіп, көп не аз жеңілдікпен жойылуы ықтимал. Эмоционалды кернеуді алып тастаумен сабақтас субъективті даулар қиынырақ шешіледі. Олардың шешімін кейінге қалдырып, үшінші тұлғаны мәмілеге тартқан немесе жанжалдасушы тұсты проблеманың түкке тұрғысыздығына иландыру қажет. Бойларында тұлғалық сәйкессіздік дамитын науқастарды палатаға дұрыс орналастырмаған кезде даулардың болуы мүмкін. Сондай-ақ жанжал науқастардың немесе олардың туыстарының "дауға жақын тұлғалар” деп аталатын-истериялық қасиеттері, асоциалды агрессивті мінез-құлқы бар адамдармен қатынаста орын алады. Даулар топ мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қатынаста туындауы мүмкін шешімі қиын жағдай.
Әдетте бұған мынадай себептер жетелейді:
1. топ мүшелерінің қызығушылықтары, құмарлықтары, мақсаттары, түрткілері, рөлдері арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;
2. әр түрлі адамдар арасында қарсы күрестің орын алуы (басшы мен формалды емес көшбасшылар, формалды емес микротоптар арасында);
3. топ мүшелері арасындағы өзараәрекеттің және қарым-қатынастың фондық сипаттамалары ретінде теріс эмоциялар мен сезімдердің пайда болуы және тұрақты басымдығы. Даулы жағдайда: серіктесті сынап бағалауға; оған жаман ниеттерді жабыстыруға; өзіңнің басымдық белгілеріңді көрсетуге; дауға жауапкершілікке тек серіктесті кінәлауға; оның қызығушылықтарын елемеуге; бәрін тек өз позицияңнан көруге; ызаландыруға, айқайлауға, шабуыл жасауға; серіктестің "жаралы” тұстарын тырнауға болмайды. Дауды шешу үшін ең алдымен оның себебі мен зардаптарын зерделеу, өзіңе өзіңді басқарып, реттеп және кемшіліктерді жоя алатыныңды сендіру қажет.
Дәйекті сөз бен байыпты үн – кез келген дауды шешуге қажетті басты элементтер.