III - СОӨЖ
Еріктің психологиялық сипаттамасы.
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан.Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.). Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары); үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).
Тоқтамға келгіштік.Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер. Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.
Батылдық.Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеттері батылдық деп аталады. Әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жӛнінде өзіне-өзі есеп беріп отырады. Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып көрінеді. Бірак, шындығында олай болмайды. Батыл адам да күрделі, азапты ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақтығысын, эмоциялық, тебіреністерді басынан кешіреді.
Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді. Өмірден біз табандылығы төменгі дәрежеде қалып қойғандай болып көрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Табанды адам алған бетінен қайтпай, кӛздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді ойлайды.
Ұстамдылық.Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады
Достарыңызбен бөлісу: |