«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Практика-семинар сабақтарының тақырыптары



бет9/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Практика-семинар сабақтарының тақырыптары

сағат саны

Сабақты өткізуде қолданылатын инновациялық әдістер мен тәсілдер

Қолданылатын
әдебиет

1

2

3

4

5

1

Психикалық құбылыстардың құрылымы; психикалық процестер, психикалық күйлержәне психикалық қасиеттер.

2

Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

19,1,7,13

2

Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы

2

Рефлексия

20,12,17,13

3

Психикалық сана тұжырымдамасы. Сана-сезім

2


Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

21,1,5,7

4

Күйзеліс туралы ілім. Күйзеліс жағдайлардың алдын-алу.

2

Рефлексия

22,7,12,22

5

Түйсіктердің негізгі сипаттамалары мен қасиеттері.

2

Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

23,8,11,14

6

Қабылдау жөніндегі психологиялық зеріттеулер.

2

Рефлексия

1,24,18

7

Есті дамыту мнемотехникалары.

2

Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

2,.3,23

8

Ойлаудың психологиялық теориялары мен зеріттеулері.

2

Рефлексия



4,9,23

9

Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі.

2

Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

1,2,6

10

Эмоция теориялары.

2

Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

2,3,8

11

Ерік жөніндегі психологиялық теориялар.

2

Рефлексия



4,12,20

12

Қарым-қатынас функциялары

2

Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

5,9,12

13

Темперамент және тұлғаның іс-әрекет ерекшеліктері.

2

Тестік бақылау

6,10,19

14

Мінез табиғаты.

2

Пікірталас элементтері,
миға шабуыл

7,11,17

15

Адам қабілеттерінің жалпы сипаттамасы.

2

Рефлексия

8,1,10,15

16

Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі.

2

Пікірталас элементтері



51,52

17

Емделушінің ауруға реакциясы, олардың типтері және маңызы.

2

Пікірталас элементтері



45,47

18

Психосоматикалық жағдай механизмдері

2

Пікірталас элементтері



42,44

19

Есту және көру бұзылысы бар емделушілермен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



38,41

20

Сөйлеу және зерде бұзылысы бар емделушілермен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



48,49

21

Тілдік және мәдени айырмалары бар емделушілермен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



59,62

22

Дұшпандық ойдағы және ассоциалдық емделушілермен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



79,82

23

Депрессиялық емделушілермен және суицидтік ниеттегі емделушілермен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



72,76

24

Қауіпті емделушілермен және қорқыныш пен фобиялар реакциясы бар емделушілермен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



84,86

25

Түрлі жастағы емделушілермен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



77,78

26

Жазылмайтын аурулары бар науқастармен, АҚТБ жұқтырмалары мен ЖҚТБ аурулары бар науқастармен қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



93,97

27

Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара қарым-қатынас

2

Пікірталас элементтері



100,102

28

Әдептілік категориялары, олардың коммуникативтік үрдістегі рөлі

2

Пікірталас элементтері



105,107

29

Емделушілердің кәсіби хабардар болуы, қайғылы жәйттерді хабарлау дағдылары

2

Пікірталас элементтері



99

30

Қаза болудың этикалық мәселелері, қаралы хабарды жеткізу. Жазылмайтын науқастар. Эфтаназия, дәрігер тактикасы. жолдары.

2

Пікірталас элементтері



94,95

31

Дәрігер тұлғасы. Дәрігердің тұлғасына деген психологиялық талаптар

2

Пікірталас элементтері



34,36

32

Эмоционалды күйреу дәрігердің коммуникациялық біліктілігін төмендететін фактор ретінде

2

Пікірталас элементтері



42,44

33

Науқастармен тиімді қарым-қатынас жасауға кері әсерін тигізетін кедергілер мен дәрігердің психологиялық ерекшеліктері

2

Пікірталас элементтері



38,40

34

Дәрігердің әріптестерімен өзара қарым-қатынасының этикалық тұстары.

2

Пікірталас элементтері



122,126

35

Медициналық ұжымдардағы әлеуметтік жүйемен коммуникациялық байланыстар

2

Пікірталас элементтері



134,135

36

Медициналық ұжымдардың коммуникациялық құрылымдары. Медициналық ортадағы қақтығыстары. Қақтығыс түрлері мен оларды шешу

2

Пікірталас элементтері



136,138

37

Науқастармен, олардың туыстарыменжәне денсаулық сақтау саласындағы түрлі мамандармен тиімді қарым-қатынас жасаудың жалпы принциптері

2

Пікірталас элементтері



16,18

38

Науқаспен тиімді өзара қарым-қатынасқа қол жеткізу үшін сөздік және сөздік емес қарым-қатынас құралдарын пайдалануы

1

Релаксация

26,29

Студенттің окытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары

Ап
та

Тақырыптары

сағат саны

Өткізілетін сабақтың түрі

Ақпарат көздері, әдебиет, ғаламтор

1

2

3

4

5

1.

Психолгиялық зеріттеулердің негізгі әдістері.

2

Топтық жұмыс




2.

Эмоциялардың негізгі түрлері

2

Топтық жұмыс




3.

Еріктің психологиялық сипаттамасы.

2

Реферат




4.

Қарым-қатынастың табиғаты.

2

Баяндама




5.

Темпераменттің психологиялық сипаттамасы.

2

Топтық жұмыс




Студенттің өзіндік жұмысы



Ап
та

СӨЖ – ның тапсырмалары

Акад.
сағат саны

Ұсынылатын әдебиет мен өзге ақпарат көздері

Жұмыстың орындалу мерзімі

СӨЖ –ң орындалу түрі

1

2

3

4

5

6

1

Психологияның даму үрдісіндегі психика жөніндегі түсініктердің эвалюциясы.

3

1,2,6

1-апта

Топтық жұмыс

2

Іс-әрекет табиғаты: түрлері ерекшеліктері

3

2,3,8

2-апта

Реферат

3

Тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері.

3

4,12,20

3-апта

Баяндама

4

Тұлғаның бағыттылығы құрылымындағы түрткі (мотив) және мотивация.

3

5,9,12

4-апта

Пікір –талас

5

Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы.

3

6,10,19

5-апта

Реферат

6

Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

3

7,11,17

6-апта

Баяндама

7

Естің негізгі түрлерінің классификациясы.

3

8,1,10,15

7-апта

Топтық жұмыс

8

Ойлау психикалық танымдық процесс ретінде.

3

9,13,19,22

8-апта

Реферат

9

Қиялдың негізгі түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.

3

10,17,19,23

9-апта

Баяндама

10

Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәні.

3

11,9,23,7

10-апта

Топтық жұмыс

11

Еріктік амалдың психикалық құрылымы.

3

12,7,5,14

11-апта

Реферат

12

Қарым-қатынас түрлері.

3

13,19,8

12-апта

Баяндама

13

Темперамент жөнінде жалпы ұғым.

3

14,4,13,16

13-апта

Топтық сайыс

14

Дәрігер тұлғасы. Дәрігер тұлғасына деген психологиялық талаптар.

3

15,14,7,2

14-апта

Реферат

15

Дәрігер мен науқас арасындағы тиімді қарым-қатынас ерекшеліктері

3

13,19,8

15-апта

Баяндама

Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1 Маклаков А.Г. Общая психология. –М., 2008
2 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. –СП б.: Питер, 2005
3 Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. –М.. Изд-во МГУ , 1996


Қосымша әдебиеттер:
1 Айсонтас Б.Б Общая психология: Схемы. –М. Изд-во ВЛАДОСПРЕСС, 2002
2 Ананьев Б.Г. психология и проблемы человекознания/ Под ред. А.А.Бодалева . М-Воронеж 1996
3 Гальперни П.Я.Введение в психологию.-М.: Изд-во МГУ,1999
4 Столяренко Л.Д. Основы в психологии. Ростов-на-Дону: Феникс, 2004
5 Годфура Ж.Что такое психология: в 2-з т.-М.:Мир, 1992
6 Ждан А.Н.История психологии. От античности до наших дней.-М.:Изд-во МГУ,1996


Кредиттік жүйе негізінде білім алатын студенттердің білімін бағалау жүйесі
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы (бұдан әрі - СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.
Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы енгізіледі.
Баға шкаласы балдық – рейтингілік таңбалық жүйеге негізделген. Білім деңгейін таңбалық жүйемен бағалауда ағылшын тілі алфавитінің А (ең жоғары баға) мен F (ең нашар баға) аралығындағы әріптері қолданылады.
Он балдық жүйемен есептеуде араб санымен 4,0 ден 1,0 ге дейінгі сандық баламалар - оң бағалар, 0 қанағаттанарлықсыз бағаның сандық баламалы балы болып табылады.
Бағалаудың пайыздық мазмұны пайызбен анықталады. Бұған қоса 50%-дан 100%-ға дейінгі бағалаулар жағымды бағаларға, 0 %-дан 49%-ға дейінгілер бағалаулар қанағаттанарлықсыз бағалауларға жатады.



Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

%- дық көрсеткіш

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4.0

95-100

өте жақсы



5

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы


4

В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық

3

С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

2



Қ.б.
мұндағы : Қ.б. – Қорытынды баға
Аорт. – Орташа ағымдық баға пайызы;
А1, А2 – І-ші, ІІ-ші аралық бақылау бағаларының пайыздық үлесі;
Е – Емтихан бағасының пайыздық үлесі;
Қ.б.
мұндағы : Қ.б. – Қорытынды баға
Аорт. – Орташа ағымдық баға пайызы;
А1, А2 – І-ші, ІІ-ші аралық бақылау бағаларының пайыздық үлесі;
Е – Емтихан бағасының пайыздық үлесі;
К.ж. – курстық жұмыс бағасының пайыздық үлесі;
Білім алушылардың емтихандағы үлгерімі білімді бағалаудың балдық – рейтингтік жүйесі бойынша бағаланады. Оң баға (А тен А- ке дейін «өте жақсы», В+, В, В-ке дейін «жақсы», С+, С, С-ға дейін ; D-дан (D-)-ке , «қанағаттанарлық») ведомостқа және білім алушылардың сынақ кітапшасына, транскриптке қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» F деген баға тек қана емтихан ведомосіне қойылады.
Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.
Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның 60 %-дық үлесін құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40 %-дық үлесін құрайды.
ПӘННІҢ САЯСАТЫ

  • Сабаққа кешікпеу керек;

  • Сабақ үстінде сөйлесуге, газет оқуға, сағыз шайнауға болмайды. Ұялы телефондарын өшірулері тиіс;

  • Сабаққа іскер киіммен келулері тиіс.

  • Сабақтан қалмау керек, ауырып қалса тиісті анықтама көрсетуі тиіс;

  • Жіберген сабақтарын мұғалім белгілеген уақытта қайта тапсыруы тиіс;

  • Тапсырмаларды орындамаған жағдайда, қорытынды баға төмендетіледі;

  • Күнделікті сабақтан қалмау керек;

  • Оқу процесіне белсенді қатынасу міндетті;

  • Үй тапсырмаларын ұқыпты орындау керек;

  • Шыдамды, ашық және курстастарға, мұғалімдерге қайырымды бола білу қажет;

  • Барлық сабақта кері байланысты бейбіт шеше білу керек;

  • Ұжымдық жұмысты көп қолдану және пікірталасқа тұйықтау, студенттерді көп тарту;

  • Өте сақ, әрі міндетті бола білу керек;

  • Себепсіз сабақтан қалмау керек;

  • Оқу бөлмелерінде темекі тартпау керек;

  • Семинар кезінде телефонмен сөйлесуге болмайды;

  • Сабақта алкогольды ішімдік ішуге ешқандай жол берілмейді.

1. Дәріс сабактар
І - дәріс.
Психология міндеттері, пәні. Психологиядағы зерттеу әдістері.
Жоспары:
1.Жалпы психология пәні
2.Психика тіршілік иелерін объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік.
3.Тірі және өлі дүниені бейнелеу формалары.
4.Психология жануар мен адамдардың іс-әрекетіндегі психикалық бейнелеудің құрылымы мен пайда болуы туралы ғылым ретінде.
5.Психиканың негізгі функциялары.
6.Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері
7.Психологияның зерттеу әдістері. Зерттеу әдістерінің түрлерін сипаттау.

Талай ғасыр бойы адам көптеген ғылымдардың зертеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал, осы таным жолында психология ғылымының алар орны ереше.


Этимологиялық деңгейде психология жан мен рухты (көне грекше: ψυχή — жан, рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (психофизиология), сезімдік (мотивация, байым, моторика), интеллективттік (когнитивттік психология) функцияларымен шектеледі.
Психология – адамның объективті шындықты сезіну, қабылдау, ойлау , түйсіну және басқа да психикалық құбылыстар формасында белсенді бейнелеу процесін меңгеретін ғылым. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарам-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология ғылымының даму негізіндегі жатқан қызығушылық уақыт озуымен бірге өрестей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмейінше тиімді орындалуы мүмкін емес.
Белгілі кеңес психологы С.Л. Рубинштейн «Основы общей психологии» (1940) атты еңбегінде: «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз, ықылас- ниеттеріміз т.б., яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын қарап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денемізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны»,- деген. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет.
Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2 - кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану, жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Жаңадан бас көтеріп эканомикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы, өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін, адамдардың ақиқаттық, нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді керек қылды.
1.Психология ғылымын «психика құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмперикалық психология идеалистік психология болды.
2. Психика сыртқы дүниенің әсерсіз өзінен-өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін-өзі байқау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін біле алады, басқа адамдардың психикалық әректтерін зерттеп білуге болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психологияның бұл ағымы «эмпирикалық психология» делініп аталғанмен, эмпирияны объективтік түрде қарамай, әр адамның жеке өзін -өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді.
3.Психикалық әрекеттерді механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек қана бір-бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде қаралған. Ол – сезімдердің жинағы сезімдердің бір түрі есебінде қаралған.
4. Адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруының, адам баласының пайда болып, өсіп-дамып отыруын зерттемеді.
Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактылы, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданды.
Психология пәнін қарастыруда біз төмендегі сызба бойынша талдаймыз:

Кезеңдер

Психология пәні

Сипаттамасы

4-кезең

Психология ғылым
Ретінде психиканың
фактілерін, заңдылықтарын
және механизмдерін
меңгереді.

Философияның диалектикалық
материализм базасында қалыптасып,
бейнелеу теориясы болып табылады

3-кезең

Психология- мінез-құлық туралы ғылым

XX ғасырда туындады.
Психологияның міндеті тікелей мінез-құлық, қылықты бақылау.
Мінез-құлықты көрсететін мотивтер ескерілмеді.

2-кезең

Психология- сана туралы ғылым

XYII ғасырда туындады, жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты. Ойлауға, сезінуге, түйсінуге қабілетті таным деп түсіндірді. Меңгерудің негізгі әдісі -өзін өзі бақылау және фактілерді сипаттау деп есептеген.

1-кезең

Психология-жан туралы ғылым

Адам өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысты.



Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері:
1.Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты,қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады,тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.
Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,,яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі,қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады. психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен.
Детерминизм–психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды./Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарыстырылмаған еді.50-жылдары С.Л.Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап ,алға тартты.Ғалым детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып,психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты қарастырады.
2.Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала,кеін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналады.Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады.Барша заңдылықтар ,соның ішінде психикалық та,даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады /С.Л.Рубинштейн/.
Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие,себебі оның зерттейтін объектісі психика-өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады.Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады,жасайды және өзгереді/Б.Ф.Ломов/.
3.Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Бұл принцип психология ғылымының өзекті категориялары.Аталған принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейін .Ғалым ”Іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес.Олар табиғи біртұтас;теңдік емес,бірлік”-деп жазған. Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді.Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын ,психиканы-ішкі құбылыс ,ал әрекетті – сыртқы деп түсіндіретін.Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ,шынында да,психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды.Осылайша ,әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай ,өзіне тән ішкі мазмұнға да ие,бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды.Сана мен әрекет бірлігінің мәні:тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей,сол әрекет процесінде қалыптасады. Адамның ішкі де,сыртқы да әлемнің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте. Осындай пайымдаудан ,сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап,ал әрекеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал /Л.С.Рубинштейн/.
Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс -әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3.Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
Негізгі зерттеу әдістері. Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар.
1.Салыстырмалы әдіс. Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады. Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.
2.Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30 ) үздіксіз зерттеу қиын. Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық
реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жасалады. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы - қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында кең таралған.
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады.
Байқау әдісі.Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші
адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай -ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;
2)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Салыстырма-генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің өсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді, Ал салыстырма филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың психика дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арқасында қандай айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігі, адамның психологиясы қалайша адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырады.Салыстырма тарихи зерттеу әдісінде – қоғамдық экономикалық формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамыпотырады. Сондықтан психикалық әрекеттерін зерттегенде, бұлар тек бүгінгі күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи жағын көздеу керек болады. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл -ойының санасының бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның өзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда өмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің өсіп, дамып, өзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда өмір сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек – бұл тарихи психологияның міндеті.
II - дәріс
Танымдық психикалық үрдістер

  1. Психология туралы түсінік.

  2. Адам психологиясындағы құбылыстар.

Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай анемистік пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады.
Адам психологиясындағы құбылыстар.
Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
Зейін - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін есітіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер, біздің зейініміз басқа бір затқа, нәрсеге аударылып отырса, сол сияқты бір жеріміздің де ауырғанында сезбеуімізде мүмкін.
Оқу жұмысыда зейіннің маңызы, өте үлкен белгілі бір затқа зейін аударсақ, ол біздің санамыздан орын алады да, қалғандары нашар қабылданады яғни шетке қалып қояды.
Психикалық қүбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Мыс: сезім зейінді күшейте түсуге, не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мыс: бір объект жағымды сезім туғызып, зейінді күшейтеді де, ал көрші бөлмеден естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Түйсік - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарыaaның жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1. Психикалық белсенділікке қарай:

  • 1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;

  • 2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;

  • 3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;

  • 4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

2. Мақсатқа қарай:

  • 1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;

  • 2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:

  • 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

  • 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);

  • 3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

  1. әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

  2. қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

  3. қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

Темперамент- деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады. Осы шарттарды негіз етіп, айтылған ерекшеліктерді еске алып, тнмпераменттерді 4 түрге бөлуге болады. Олар: 1. Сангивиникалық. 2. Холерикалық. 3. Флегматикалық. 4. Меланхоликалық темперамент.
Мiнез –жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi.
Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.
Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.
Қабілет дегеніміз не?
Ол – адамның бір іс - әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет