Мейіргерлік үрдіс. Мейіргерлік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі



бет4/23
Дата13.05.2022
өлшемі4,49 Mb.
#142967
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
медбикелік үрдіс умк
Документ, 349167, 2022-23 Физика ӘНХ
Барлығы:

270 мин

Бұл тараудағы алға қойылып отырған мақсат мейірбикелік күтімге қазіргі заман талабына сай басты орын алатын және маңызы зор – мейірбикелік процесті оқып-үйрену болып табылады. Осы процесс мейірбикелік іске ғы- лыми тұрғыда келуді анықтайды. Кәсіп ретінде мейірбикелік іс ғасырлар бойы өзгеріп отырады. Сондықтан да мейірбикенің функциясы да өзгеріс- терге ұшырайды. Өкінішке орай, бүгінгі күнге мейірбике ісінің әмбебап (универсальды) анықтамасы жоқ.
Алғашқы рет мейірбикелік іске 1860 жылы жарық көрген «Күтім жай- ындағы қолжазбалар» кітабында Флроенс Найтингейл ғылыми анықтама берді. Ол өзінің осы кітабында мейірбикелердің ауруларға күтім жасағанына мінездеме бере келе ондағы қоршаған ортаның физикалық және психология-лық факторларына ерекше көңіл аударады.
1993 жылы мейірбикелік іс теориясы бойынша өткізілген ғылыми-прак- тикалық конференциясында алғаш рет мейірбикелік іске анықтама берілді. Мейірбикелік іс – науқасқа, оның денсаулығына медициналық күтім жасау- дың бөлігі. Ғылым мен өнер қоршаған орта жағдайының өзгеруіне байланыс- ты пайда болған және бұрыннан келе жатқан ауруларды шешуге бағытталған.
Қазіргі уақытта мейірбикелік іске берілген бұл анықтама оның түсінігін тереңдете түсті. Ол денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бір бөлігіне ай- налады. Олардың ісі қоршаған орта жағдайының өзгеруіне сәйкес пайда бол- ған жеке адамдардың және бұхара халықтың проблемасын шешуге бағыттал- ған. Сонымен мейірбикелік іс жеке ғылым болып отыр. Олардың мақсаты – мейірбикелік процесті жүзеге асыру.
Мейірбикелік процесті енгізу үшін нақты өзгерісті кәсіби шеберлікте ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру жағына да енгізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет