-744 жылы қағанат құлаған соң олар оғыз одағының үстем тайпасы- ұйғырларға тәуелді болды.Ұйғырлардың билігінен құтылу үшін Ертіс өзенінің алқабына қарай ығысты.
VІІІ ғ- ХІ ғ.басы
-БатысТүрік қағанаты құлаған соң, Алтайдың солтүстігіндегі және Ертіс бойындағы қыпшақтар Қимақ қағанатының құрамына кірген.
-Қыпшақ тайпаларының тарихы Қимақ тайпаларымен тығыз байланысты.Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің батыс қанатын құраған.
ХІ ғасыр
-Жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына Қимақ қағанатының жері толығымен көшкен.
-ХІ ғасырда қыпшақтардың алып жатқан жері: Шығыста- Алтай мен Ертістен басталып, батысында -Днестргедейінгі жер, солтүстігінде - Құланды даласынан, оңтүстігінде - Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақ.
«Дешті-Қыпшақ»
-«Дешті Қыпшақ» («Қыпшақтар даласы»)аумағының қамтыған жерлері:Сырдарияның төменгі ағысынан Балқаш өзені, Дунайға дейінгі аралық (ХІ ғасырдың екінші ширегі).
«Батыс Дешті Қыпшақ»- Кавказ, Қырым өңірінен батысқа қарай;
«Шығыс Дешті Қыпшақ»-Ертістен Қара теңізге және Дон өзеніне дейінгі аралық.